Жеке куәлік, кепілзат, ЭЦҚ. Осы үшеуі болса, фермерлер енді үйде отырып-ақ несие рәсімдей алады

Несие сомасы – 4 млн теңгеге, мерзімі – 6,5 жылға дейін болса, жылдық мөлшерлемесі – 6%. Жоба әзірге Алматы мен Ақмола облыстары фермерлеріне арналған.

«ОА» мұрағатынан.

Алматы мен Ақмола облыстарының фермерлері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы кәсібін дамыту үшін жеңілдетілген несие алуға онлайн өтініш бере алады. Бұл механизмді кейін басқа өңірлерде де енгізу жоспарланып отыр.

«Еңбек» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуға несие алуды жоспарлап отырған шалғайдағы ауыл тұрғындары үйде компьютер арқылы несие алуға өтінім жіберіп, электронды несие комитетінің мақұлдауын ала алады.

Несиелеу шарты:

сомасы – 4 млн теңгеге дейін;

мерзімі – 6,5 жылға дейін;

жылдық мөлшерлемесі – 6%.

Кәсіпкердің үйінде несиеге өтініш беру мүмкіндігі болмаса, өзіне жақын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» филиалы кеңсесіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында да өтініш жасай алады. Бұл жерде кәсіпкер өтінішінің мақұлданғанын не мақұлданбағанын алдын ала біле алады. Бұрын бұл үшін кәсіпкерден 10-13 құжат жинау талап етілсе, енді өтініш берушінің жеке куәлігі, ЭЦҚ және кепілдікке қоятын мүлігінің құжаты ғана қажет.

«ОА» мұрағатынан алынды.

Өтінішті қалай онлайн беруге болады?

Өтініш беру процедурасы өте қарапайым. Ол үшін:

www.online.fagri.kz порталына кіріп, келісімге қол қою керек.

«Жаңа өтінім жасау» батырмасын басып, өтінішті жеке кабинет арқылы жіберу қажет. Жүйе мемлекеттік дерекқордан ақпарат сұрату арқылы азаматтың несие алу мүмкіндігі мен сенімділігін тексереді. Оң нәтиже болған жағдайда «жалғастыру» батырмасы іске қосылады.

«Кепілдікті қамтамасыз ету» бөлімінде кепілге қоюды жоспарлаған мүлікке қатысты деректерді енгізген соң жүйе мүліктің нарықтық құнын есептейді. Ұсынылған кепілдік мүлкі жеткілікті болса, жүйе кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды облыстық филиалға өткізу туралы хабарлайды.

«Үйден шықпай-ақ несие алуға қызығушылық танытып жатқандар көп. Екі облыста нәтиже жақсы болса, жүйені басқа да облыстарға енгіземіз. Биыл несиелеуге қордан 4 млрд теңге шамасында қарастырылды. Оның жартысын игердік, қалғанын жыл соңына дейін игереміз», – деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қодау қоры» АҚ Несиелеу департаменті директорының орынбасары Армат Байзақов.

Өтініш беруші құжаттарды несие менеджеріне тапсырғаннан кейін порталдағы жеке кабинеттен өтінішті қарау деңгейін бақылай алады. Уәкілетті орган оң шешім шығарған жағдайда несие шартын жасасу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалына келуі керек.

Өтінішті онлайн мақұлдау шешімі 10-15 минут аралығында қабылданады. Одан әрі қарау мерзімі 15 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарған. Яғни, бұрын қала мен ауылдың арасында бір ай қатынайтын кәсіпкердің енді 3 күн ішінде несие алуына мүмкіндік бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.49 ℃
Днем6.04 ℃
Вечером5.87 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.57 м/с
2025-04-29
Утром1.2 ℃
Днем9.81 ℃
Вечером11.69 ℃
Ночью7.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.25 м/с