БҚО-да тұрғындар өздері мектеп салып алды. Білім ошағының құрылыс үш жылдың ішінде аяқталған

Казталов ауданы Талдыапан ауылы Қособа елдімекенінде 160-қа жуық тұрғын бар. Олар мектеп салу үшін кооператив ашқан.

Малға бөлінетін субсидияның ақшасы соған ауған. Нәтижесінде 10 млн. теңге ақша жиналған. Қособа жалпы білім беретін бастауыш мектебінің меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Алтынай Кушекенованың сөзінше, ауылға мектеп салу бастамасын Талдыпан ауылының бұрынғы әкімі Асқар Есқалиев көтерген көрінеді.

– Асқар Есқалиұлы осындай идея айтқаннан кейін тұрғындардың барлығы бірауыздан қолдады. Бұл мектептің құрылысы 2017 жылдың көктемінде басталды. Биыл міне, тәмамдалып, 13 оқушы жаңа мектепте білім алып жатыр. Қажетті техникалық құрал-жабдықтармен аудандық білім бөлімі қамтамасыз етеді. Тағы бір айта кетін нәрсе, мектеп құрылысына ауылымыздағы «Жұмалиевтер», «Артығалиев», «Дюсалиева», «Хамитов», «Ерболатов» шаруа қожалықтары  демеушілік жасады, – дейді Алтынай Талапқызы.

Мектептің іргетасы қаланғаннан бастап, басы-қасында болған ауыл тұрғыны Бауыржан Нұрғалиев әркім қолынан келген көмектен аянып қалмағанын айтады. «Біреуі келіп, фундамент құйысса, енді біреуі кірпішін қалады. Тағы біреуі төбесін жауып берді, ішкі жұмыстарын істеді. Яғни бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршіліктің арқасында балаларға осындай жаңа мектеп салып бердік», – дейді ол.

Сәбира Жұмалиева есімді тағы бір ауыл тұрғыны бұрынғы мектеп оқушыларға қиындық туғызып келгенін, күз-қыс мезгілінде салқын болғанын айтады. «Балалардың білім деңгейі жоғары болуы үшін мектепте заманға сай болуы керек қой. Оқушылардың болашағын ойлап, жаңа мектеп салғандары өте жақсы болды. Барлығына алғысымды айтамын», – дейді.

Әбден ескірген ескі білім ұясында білім алып келген 4-сынып оқушысы Айзере Вахитова «Ескі мектепте тоңатын едік. Енді жаңа мектепке оқып жатқанымзға өте қуаныштымын. Бізге осындай жақсы мектеп салып берген ағаларға алғысымыз шексіз», – дейді.

Талдыапан ауылы әкімдігінің бас маманы Қадиша Шафеева ауыл әкімі Артур Берденовтың Астана қаласына іссапарға кетіп қалғанын сондықтан сұрақтарға жауап бере алмайтынын айтты. «Сіздің сұрақтарыңызға ол кісінің өзі жауап бергені дұрыс болатын еді. Өйткені мектеп бой көтеріп жатқанда құрылыс басында Артур Амантайұлының өзі жүрді ғой. Мен тек жаңа мектептің айналысын қоршауға біздің тараптан көмек болатынын айта аламын», – деді.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Суреттер:  Артем Букреевтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром15.81 ℃
Днем23.19 ℃
Вечером23.07 ℃
Ночью18.72 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.31 м/с
2025-06-25
Утром17.01 ℃
Днем26.26 ℃
Вечером22.15 ℃
Ночью19.17 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.34 м/с