Батыс Қазақстанда 60-тан астам дала өрті тіркелді

Батыс Қазақстан облысында биыл орман және дала өрттері көбейіп кетті.

Нұрлан Таубеков.

БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубековтің мәлім еткеніндей, өңірде 5 қыркүйекке дейін 1200 гектардан астам жерді шарпыған 14 орман өрті тіркелді.

Сондай-ақ 56 мыңнан астам гектар жерде 61 дала өрті және 7954 гектарда 313 жану оқиғасы болды.

Өткен жылдың осы кезеңінде 3 орман өрті, 7601 гектарға жайылған 227 жану оқиғасы болған еді.

Биыл дала өртінен, әсіресе, Ақжайық (11 жану, 399 га), Бәйтерек (38 жану, 758 га), Бөрлі (31 жану, 788 га), Қаратөбе (16 жану, 663 га), Сырым (15 жану, 1156 га), Тасқала (23 жану, 979 га), Теректі (10 жану, 140 га), Шыңғырлау (19 жану, 360 га) аудандары және Орал қаласы (12 жану, 100 га) көбірек зардап шекті.

«ОА» мұрағатынан.

«Өрт қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Өйткені облыстың барлық аумағында қыркүйек айының екінші онкүндігінде өрт қаупі сақталады. Күн 30 градусқа дейін ысиды, тек айдың аяғына қарай жаңбыр жауады деп болжануда. Сондықтан тұрғындар отпен абай болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтағаны жөн», деді Н.Таубеков.

Оның айтуынша, БҚО-да 2020 жылдың басынан бері 195 өрт болды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 134 өрт болды: 35 – тұрғын үй, 12 – көп қабатты үй, 60 – монша, , 27 – шаруашылық құрылыстар, гараждар. Орын алған өрт жағдайлары кесірінен 3 адам қайтыс болды, 7 адам жарақат алды.

«ОА» мұрағатынан алынды.

«Өткен жылғы шөпті өртеу табиғат үшін пайдалы және өртенген жерге кейін шөп жақсы өседі» деген қате пікір бар. Шындығында, өртегеннен соң, біраз уақыттан кейін сол жерді шөп жарып шығады, бірақ ол жерлерде бұрынғы сан түрлі шөптер өспейді.

«Адамдар өз иелігін және іргелес аумағын жинамақ болып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, өз мүлкіне ғана емес, өмірлеріне қауіп келтіренінін ойламастан тұрмыстық қоқыс пен құрғақ шөпті өртейді»,– деді Нұрлан Таубеков.

«ОА» мұрағатынан.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, аумақты жанатын қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, жапырақтардан және құрғақ шөптен уақытылы тазарту қажет. Қалдықтар мен ыдыстарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта орналасқан жерлерде жағуға болмайды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ғана өрттің алдын алады және апаттарға жол бермейді!»-деп қорытындылады сөзін Нұрлан Сейдаханұлы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с