15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталады. Екпені кім тегін салдыра алады?

Тұмауға қарсы екпені жасы 6 айдан асқан балалардан бастап егуге болады.

Көрнекі сурет.

Тұмауға қарсы вакцинаны коронавируспен ауырған адамның алуына бола ма? Оның қандай қарсы көрсеткіштері бар?

Өткен жылы тұмауға қарсы вакцинаның құны республика өңірлеріндегі ақылы кабинеттерде 2 мыңнан 3 500 теңгеге дейінгі аралықта болды. Ол тұмауды емдеу шығындарынан әлдеқайда арзан. Өйткені, науқасты емдеу құны келесі есепке ие:

амбулаториялық жағдайда – 20 мың теңге;

стационарлық жағдайда – 130 мың теңге.

Тұмауға қарсы екпе келесі топтардағы азаматтарға жоспарлы түрде салынады:

медицина қызметкерлері;

медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;

жасы 6 айдан асқан әрі жиі ауыратын балалар;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;

қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілер;

жүктіліктің екінші не үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;

жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.

Сонымен қатар, жұмыс беруші мен екпе салдырушының өз жеке қаражаты есебінен де вакцинациялау жүргізіледі.

Вакцина түрлері және оны алу жолдары

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынған ресми мәліметтерге сәйкес, тұмауға қарсы ақылы вакцинация:

жекеменшік вакцинация орталықтарында;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Тұмауға қарсы екпе Қазақстанға биылғы 29-31 тамыз аралығында келіп, 1-3 қыркүйекте өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына бөлінген.

Есте сақтаңыз: профилактикалық егу науқастың келісімімен ғана жүргізіледі. Вакцинны тұмау ауруының көтерілу маусымы басталғанға дейін алу керек.

Ресейлік Петровакс компаниясы шығарған «Гриппол плюс» вакцинасын биыл бірыңғай дистрибьютор сатып алып, өңірлерге жеткізді. Вакцина алдағы маусымда айналымда болатын штаммдарға қарсы егуге арналған. Бұдан басқа, Қазақстанда тағы 3 өндіруші бар:

Франциялық Санофи-Пастер;

Нидерландтар елінен Инфлювак («Ваксигрип Тетра» вакцинасы);

Қытайлық Синовак Биотек.

Мемлекеттік бюджет есебінен иммундауға жататын қауіпті топтағы адамдарды тұмауға қарсы вакцинациялау тіркелген емханада тегін жүргізіледі. Ал екпені ақылы негізде медициналық қызмет көрсететін емханаларда салдыруға болады.

Ашық көздерден.

Қарсы көрсеткіштер:

Тауық ақуызына аллергия. Өйткені, ол вакцинаның құрамында өте аз мөлшерде болуы мүмкін.

Бронх демікпесі, неврологиялық ауру және тері дерматитінің болуы. Созылмалы аурулардың өршуі кезінде аллергиялық реакция беруі ықтимал.

Алдыңғы егуге төзбеушіліктің айқын жеке реакциясы.

Вирустық, бактериялық ауру, «суық тию» кезеңінде және аурудан кейінгі 2 апта қалпына келу кезеңі.

Тұмауға қарсы вакцина тек тұмау вирусынан қорғайды

«ЖРВИ тудыратын 400-ден астам түрлі вирус айналымда болады және мұндай вирустарға қарсы вакциналарды жасау мүмкін емес және экономикалық тұрғыдан негізсіз. Бірақ, тұмауға қарсы вакцинация кейбір антигендердің ұқсастығына байланысты әртүрлі вирустық инфекциялардың ауыр ағымынан қорғайтынын және асқынулардың даму мүмкіндігін азайтатынын айта кету керек» делінген ДСМ ресми жауапхатында.

Коронавирус жұқтырып, кейін емделіп жазылғандар екпені сауыққаннан соң 2 апта қалпына келгеннен кейін ғана дәрігердің рұқсатымен егіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром12.66 ℃
Днем22.16 ℃
Вечером19.76 ℃
Ночью16.17 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра10.08 м/с
2025-05-21
Утром13.85 ℃
Днем22.05 ℃
Вечером17.1 ℃
Ночью11.43 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.98 м/с