Қазақстанның сұлулық салондары, фитнес-орталықтары мен сауналары демалыс күндері жұмыс істей алады
Тиісті шешім ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

14 қыркүйекте ҚР премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндеріне келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:
— сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілер (infokazakhstan.kz порталында тіркелу , алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр);
— фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, СПА-салондар, сауналар, бассейндер (infokazakhstan.kz порталында тіркелу , толымдылығы 30% және 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);
— діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).
Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша бір реттік медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін төмендетілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 2020 жылдың төртінші тоқсанында үшінші тоқсан алушыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындауды автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналуын болдырмауға, сол арқылы азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 65 адам тіркелді.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 409 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 362 науқас жатыр. 2 047 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», — дейді ДСМ.
Мекеме мәліметіне сәйкес, 124 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде 20 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
Шығыс Қазақстан облысы – 20;
Атырау облысы – 9.
Республика бойынша барлығы 106 920 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 100 836.

БҚО коронавирус инфекциясы 7 адамнан анықталып, жалпы ауырғандар саны — 6 822 адамға жетсе, 6 455-і жазылып, өкінішке орай 100 адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 675-ке жетті.
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 29 666 адам ауырып, 331 науқас көз жұмған (14 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 8, көз жұмғандар – 3).
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 409 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 362 науқас жатыр. 2 047 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 124 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
