БҚО тұрғындарына жылыту маусымында қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде

Төтенше жағдайлар департаменті жылыту жүйелері мен электр жабдықтарын пайдалану ережелері туралы халықпен ақпараттық-профилактикалық жұмыс жүргізуде.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде атап өткендей, жыл сайын өрттің жалпы санының шамамен 60%-ы ақаулы пештер мен жылытқыштардың салдарынан тұрғын үй секторында болады.

«2020 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысының аумағында 419 өрт болды, оның 246-сы тұрғын үй секторында, 16-сы көпқабатты жайлы үйлерде тіркелді. Тұрғын үй секторындағы өртте 3 адам қаза тапты, 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды», – деді БҚО ТЖД аға инженері Рафаэль Бекчентаев.

Құтқарушылардың негізгі күш-жігері халықтың әлеуметтік осал топтарымен профилактикалық жұмысқа бағытталған. Осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айынан басталып, қазан айында жылыту маусымы басталғанға дейін жалғасады. Қолайсыз отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Көбінесе бұл отбасыларда ересектер алкогольді асыра пайдаланады, ал балалар өздеріне қалады. Мұндай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда өрт қаупі едәуір артады дейді мамандар.

Рейдтер және тұрғындармен әңгімелесу барысында инспекторлық құрам жылыту пештерін, электр сымдары мен газ жабдықтарының жағдайын тексереді, тұрғындармен профилактикалық консультациялар жүргізеді, оларға жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жадынамалар табыстайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью16.56 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром16.09 ℃
Днем22.17 ℃
Вечером13.7 ℃
Ночью12.41 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.51 м/с