Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге тапсырма беріп, азық-түлік бағасының қатаң бақылануы туралы ескертті

Ішкі өндіріспен қамтамасыз етілген өнімдер, әсіресе картоп, ұн, сәбіз және қарақұмық жармасының бағасын өсірмесін.

«Барлық әкімдіктер осы бағытта белсенді жұмысты жалғастырып, бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдасын. Тәжірибе көрсеткендей, тиімді құралдар бар. Әкімдіктердің уақтылы алдын алу шараларын қабылдауы бағаларды тұрақтандыруды және ұстап тұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін мақсатты түрде жұмыс істейміз. Бағаның өсуіне ешқандай себеп жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлері бойынша бағаның тұрақтылығына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі»,-деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Ол ауыл шаруашылығы министрі мен өңірлердің әкімдеріне бірнеше тапсырма берді.

«Халықаралық астық нарықтарындағы қалыптасып отырған конъюнктураны ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, сыртқы ахуал мен азық-түлік қорларының жеткіліктілігі мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мониторингті жалғастырған жөн.Ауыл шаруашылығы министрлігіне барлық өңірлерде сауда желілеріне жеңілдетілген займдар тетіктерін «айналым схемасы» арқылы енгізуді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін форвардтық сатып алу практикасын енгізуді тапсырамын. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар (қант, жеміс-көкөніс өнімдері және басқалары) өндірісін ұлғайту жөніндегі жобаларды басым тәртіппен іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Сондай — ақ, ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің назарын ішкі өндіріспен қамтамасыз етілген өнімдерге, әсіресе картоп, ұн, сәбіз және қарақұмық жармасына бағаның өсуіне жол бермеуге аударамын», — деді Мамин.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.83 ℃
Днем20.73 ℃
Вечером17.24 ℃
Ночью12.99 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.88 м/с
2026-10-13
Утром9.82 ℃
Днем20.54 ℃
Вечером17.28 ℃
Ночью14.79 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.4 м/с