Сұлтанов картоп пен қант неге қымбаттағанын түсіндірді

Министр қаңтар айынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауы барлық өңірде байқалғанын атап өтті. Сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады.

Көрнекі сурет.

Егістік аумағының қысқаруы мен маусымаралық тапшылық картоп, қарақұмық, қант және сәбіздің қымбаттауына себеп болды. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ке өсті. Негізгі өсім қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп құнында байқалды. Басты себебі – егістік аумағының қысқаруы және маусымаралық тапшылық», — деп түсіндірді Сұлтанов үкімет отырысында.

Министр қаңтар айынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауы барлық өңірде байқалғанын атап өтті. Десе де, ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылған.

Ашық көздерден.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бес түрі арзандады. Мәселен, қырыққабаттың бағасы 21,4%-ке төмендеді. Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен. Өсімнің 90%-і, яғни 4,1 проценттік пункті, елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңінде тіркелді», — деді ведомство басшысы.

Мұның негізгі себептері, айтуынша, карантинмен байланысты азық-түлікке үлкен сұраныс және логистика мен тауар тасымалдаудың өзгеруі, маусымаралық кезеңдегі тапшылық.

Сонымен қатар, министр мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастағанын айтты.

Атап айтқанда, баға мамырда 0,1%-ке өсті, маусым мен шілдеде сол күйі сақталып, тамызда тіпті -1%-ке төмендеген.

Бұдан бөлек, ол базарлардың бірде бірі заман талабына сай емес екенін атап өтті.

Қазір елімізде 750 сауда базары жұмыс істейді, оның басым бөлігі (51%) стационарлық емес.

«Базарларда тауарды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманауи жүк түсіру (қазір оны «кросс-док» деп атайды) және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді. Әрине, базарларда тауар ағынын бақылау бойынша ақпараттық жүйе де жоқ», – деді Сұлтанов.

Министр қалаларда карантин енгізілуіне байланысты болған дүрбелең осы мәселелерді тағы да айқындап бергенін айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с