БҚО-да БАҚ жарияланымдарында көрсетілген фактілер үшін үш мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады.

«ОА» мұрағатынан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг екі бағытта жүргізілді: қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет атап өткендей, Құқықтық статистика деректері бойынша 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 25 адам сотталды, оның ішінде ауыр қылмыс құрамы үшін – 14, ауырлығы орташа қылмыс құрамы үшін – 11. Қылмыстың түрлері бойынша ұрлық болып бөлінеді (ҚР ҚК 189 – бабы 3 – бөлігі 2 – тармағы) – 1 жағдай; алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) — 2; пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) — 11; пара беру (ҚР ҚК 367-бабы) — 11. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған лауазымды адамдардың ең көп саны құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тиесілі.

«Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша көрсеткіштердің төмендегені байқалады. Мәселен, егер 2018 жылы 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2019 жылы – 1 адам, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар бойынша деректер жоқ», – деп атап өтті Н.Сәмет.

2020 жылдың жарты жылында 34 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған. Олардың ішінде ең көбі құқық қорғау органдарына тиесілі. Тәртіптік теріс қылықтың біліктілігі бөлінісінде мынадай әрекеттер атап өтілді: шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсеткені үшін – 15 жағдай; өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланғаны үшін – 9 жағдай. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде — 18 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды (полиция органдары — 11, статистика департаменті — 3, жергілікті атқарушы органдар-4), 16 адам лауазымынан босатылды (полиция органдары-14, СЭС-2).

2020 жылдың І жартыжылдығында БАҚ-та мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты 68 теріс материал жарияланды, олардың 7-і расталды.

Жарияланымдарда баяндалған фактілер бойынша мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ, 12 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 мемлекеттік қызметші атқаратын қызметінен босатылды (ауыл шаруашылығы саласында – 2, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті – 1).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары мемлекеттік органдарға тиісті ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қабылдау арқылы анықталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсартуға бағытталған бірқатар қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік органдарға құқықтық актілер және бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі (мүдделер қақтығысы, мемлекеттік сатып алу, кадрларды іріктеу, аттестаттау, қызмет бойынша жоғарылату мәселелері және т.б.) бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ, қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен уәкілетті органдар базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін қоғамдық талқылауды ұйымдастыру қажет«, — деп ұсынды Н.Самет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-9.82 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с