«Коронавирус бақылаудан шығып барады»: БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады

БҰҰ бас хатшысының айтуынша, адамдардың көпшілігі бар үмітін вакцинамен байланыстырғанымен, пандемияға қарсы панацея жоқ деп санайды. Тіпті, вакцина да дағдарысты жоя алмайды дейді ол.

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирустың өршуі бақылаудан шығып бара жатқанын мәлімдеді.

«COVID-19 пандемиясы – бұл біздің өміріміздегі ешбір дағдарысқа ұқсамайтын дағдарыс. Сондықтан бас Ассамблеяның биылғы сессиясы да басқа сессияларға ұқсамайтын болады», – деді ол.

Бас хатшы көп ұзамай адамзат миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирус індетін еңсеретінін атап өтті және пандемияны жаһандық қауіпсіздік үшін «бірінші қауіп» деп атады.

Гутерреш көптеген адамдар вакцинаға үміт артып отырғанын айтады. Бірақ пандемияға қарсы панацея жоқ. Ол вакцинаның өзі дағдарысты реттей алмайтынына тоқталды.

«Дегенмен, вакцинаға бүкіләлемдік игілік деп қарау керек. Өйткені, COVID-19 эпидемиясында шекара жоқ. Бәріміз үшін қолжетімді адамдарға арналған вакцина керек», – деді бас хатшы.

Ол алдағы 12 ай ішінде аурумен күресуге және емдеуге көмектесетін жаңа қолданыстағы құралдарды пайдалануды мейлінше арттыруға шақырды.

«Вируспен қатар біз болашақ вакцина туралы жалған ақпараттың да таралуын көріп отырмыз. Бұл қаскүнемдік теориясын өршіте түседі. Оның салдарынан әлемде вакциналарға деген сенімсіздік күшейіп келеді», – дейді Гутерреш.

Антонио Гутерриш

Ол бірнеше елде көптеген адамдар өздерінің COVID-19-ға қарсы вакцинадан бас тартатынын айтып жатқандығы туралы да айтып өтті. Вакциналар туралы мұндай жалған ақпарат та аурудың өзі сияқты «өлімге әкелетін» жағдай дейді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-10.01 ℃
Ночью-9.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-9.05 ℃
Днем-8.12 ℃
Вечером-9.07 ℃
Ночью-10.24 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.94 м/с