БҚО-да сыбайлас жемқорлық үшін 25 адам сотталды

Ауыр қылмыстар үшін 14 адам, ауырлығы орташа қылмыстар үшін 11 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет журналистермен өткен онлайн брифингте айтты.

– Қылмыс түрлері бойынша ұрлық – 1 оқиға, алаяқтық-2, пара алу-11, пара беру-11 оқиға болып бөлінеді. Аса ірі мөлшерде, алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарға адамдар тобы жатқызады – бұл аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жиі кездесетін фактілері. Заңсыз бұзушылықтарды департамент қызметкерлері екі бағыт бойынша жүргізген мониторингтің арқасында анықтауға болады. Бұл-қылмыстық жауапкершілікке және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, – деп хабарлады Нұрдәулет Сәмет.

Айта кетейік, Нұрдәулет Сәметтің айтуынша, жемқорлық үшін ең көп сотталған-құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып табылатын лауазымды тұлғалар.

«Осы жылдың жарты жылында 34 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған. Олардың ішінде ең көп құқық қорғау органдарына тиесілі. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде – 18 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды (полициядан-11, статистика департаментінен-3, жергілікті атқарушы органдардан-4). Жұмыстан 16 адам шығарылды (14 адам полициядан, СЭС – 2 адам),»– деді Нұрдәулет Сәмет.

«Мониторинг жүргізілгеннен кейін қоғамдық талқылау ұйымдастыру қажет. Іс-шараны уәкілетті органдар базасында өткізуге болады. Қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен,» — деп есептейді Нұрдәулет Сәмет.

x
2020-10-26
Утром3.82 ℃
Днем6.97 ℃
Вечером6.51 ℃
Ночью5.04 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра7.16 м/с
2020-10-27
Утром-0.57 ℃
Днем4.92 ℃
Вечером1.97 ℃
Ночью0.63 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.24 м/с