«Мирзоянға көше беру қылмыс»

Оралдағы Левон Мирзоян атындағы көшенің атауын 101-атқыштар бригадасы деп өзгерту үшін жергілікті ономастикаға жауапты орган республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жолдаған. Алайда оң нәтиже болмаған. Мирзоян көшесінен бөлек, мән-мағынасы ескірген, қазақыландыруды қажет ететін 117 көшенің 53-і ғана ауыстыруға қолдау тапқан.

2006 жылы жергілікті билік Мирзоянға көше беруді ұйғарып, Транспортная деген көшеге соның есімін берген. Содан бері осылай аталып келе жатқан бұл көшенің атауын ауыстыру бүгінде мүмкін болмай тұр. Қоғам белсендісі әрі тіл жанашыры Нұрлан Сәдір көше атауларын қазақыландыруда қарқын көңіл көншітпейтінін, Мирзоянға көше беру тіптен дұрыс еместігін айтады.

Мирзоян қазақ зиялыларын атуға ерекше қатысқан адам. Тіпті екі мәрте адам ату лимитін көбейтуді сұрап, Сталинге құпия хат жазған. Қазақтарды қыруға атсалысқан Мирзоянға көше атауын беру қылмыс деп есептеймін. Бірақ бұл жерде біздің жергілікті билікті де түбегейлі кінәлай алмаймын. Өйткені біздікілер Мирзоян көшесін алып тастау жөнінде осыған жауапты республикадағы органға ұсыныс берді. Алайда жоғарыдағылар құлақ аспай отыр. Мен жергілікті ономастикаға жауапты адамдардан «Неге олар ұсынысты қанағаттандырмай отыр?» деп сұрағам: Сонда олар: «Мирзоян көшесін алып тастауға ешқандай аргумент жоқ» деп айтты деді. Астанада халық Мирзоян көшесіне қарсы шығып алдыртып тастағаны есімде. Ақтөбеде де алынып тасталды. Бізде де бұл көшенің атауы міндетті түрде өзгертілуі керек. Жергілікті билік жоғарыдан тапсырма келмейінше бір нәрсені өзгертуге құлықсыздау. Мысалы, Достық-Даңғылы Назарбаев атына беріледі дегенде айналдырған бірер күннің ішінде ауыстырып тастады ғой. Тіпті халықтың пікірін де сұраған жоқ. Сосын «Ананың көңіліне тиіп кете ме, мынаның көңіліне тиіп кете ме» деген жалтақтық басым, бізде. Ономастикаға жауапты мекеме «бір көшенің атуын өзгерту үшін көше тұрғындарынан ұсыныс түсуі керек» дегенді алға тартады ғой, мәселен, руханиятқа да, спортқа да үлкен үлес қосқан Оралбек Қожагелдинге көше беру турасында бастама көтерген едік. Оны Деркөл шағын ауданы тұрғындарының 70-80 пайызы қолдап, хатқа қол қойып берді. Біз сол хатты қалалық әкімдікке тапсырдық. Бірақ ешқандай қолдау тапқан жоқ, – дейді ол.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің бас маманы Ізбасар Жұмағали қалада үш мыңға жуық көше болса, соның басым көпшілігі қазақы атауға ие екенін айтты.

– Өзіңіз айтып отырған Мирзоян көшесінің атауын өзгерту көптен бері көтеріліп келе жатыр. Жоғары жаққа да жібердік. Бірақ әлі шешімін таппады. Жалпы қандай да бір көше атауын ауыстырғанда тұрғындардың пікірі ескерілуі керек. Халықтан, қоғамдық ұйымдардан ұсыныс түспесе, көше атуын ауыстыра алмаймыз. Тек белгілі бір тұлғаның мерейтойы болса, онда сол адамның атына көше беріледі. Мәселен, биыл Абай атамыздың туғанына 175 жыл толуына орай Еуразия даңғылына хәкім Абайдың есімі берілді, – дейді.

Мирзоян көшесіндегі кейбір тұрғындар «Көше атауын ауыстырғанша оданда көшеміздің жолын дұрыстап жөндеп бермей ме?» деп пікір білдірді. Ал қалалық мәслихат депутаты Әлия Салиева «Ауыстыруға сұранып тұрған көшелердің бірі – қаламыздағы Мирзоян көшесі екені сөзсіз» дейді.

Депутат ретінде ғана емес тұрғын ретінде де ол көшенің атауы ауыстырылғанын қалаймын. Өзгертіп, танымал тұлғалардың есімін беру керек- деген мәжілісімен «Мирзоян көшесін ауыстыру жөнінде сессияда мәселе қып көтеремін», – деп уәде етті.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с