Жайыққа жарты миллионнан астам бекіре шабағы жіберілді

Балық жіберу бағдарламасы толығымен жеке қаражат (1 миллион доллар көлемінде) есебінен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ғылыми қолдауымен жүзеге асырылды.

Жайық өзеніне бекіре тұқымдас шабақтардың қорытпа, пілмай мен сүйрік және орыс бекіресі сияқты 4 түрі суға жіберілді. Жоба балық шаруашылығы саласындағы басты инвестициялық жоба болып табылады.

«Бүгін біз Жайық өзенін бекіре тұқымдас балықпен балықтандыру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруды аяқтаудамыз. Келісімшарт толығымен орындалды. Бұл жоба жеке инвестициялау есебінен іске асырылады. Оны Ақтаудағы «Тенгиз Сервис» ЖШС компаниясы қаржыландырады. Бұл жобаның құны 1 миллион долларды құрайды. Төрт түрдің 550 000 шабақтары шығарылды, олар – қорытпа, пілмай мен сүйрік және орыс бекіресі. Егер балықтың 20% – ы жалпы мөлшерден жетілу кезеңіне дейін өсіп кетсе, бұл жақсы нәтиже деп саналады. Жеті жылдан кейін балық оралады. Біз үлкен жұмыс атқардық деп санаймын. Бірнеше жылдан кейін нәтижелер тұрғындарды қуантатынына сенімдімін,»– деп бөлісті Орал бекіре зауытының бас директоры Сергей Ульянов.

Зауыт Зашаған кенті ауданында орналасқан. Кәсіпорынның меншік иесі Алматы қаласында орналасқан «Ordabasy Group» корпорациясы болып табылады.

«Соңғы бес жылда өңірде су деңгейінің төмендігі байқалуда. Мұны екі себеппен түсіндіруге болады: бірінші себеп-тасқын судың аз мөлшері, екінші себеп-Жайық өзенінің жоғарғы ағысынан судың төмен деңгейі. Алдағы уақытта су тапшылығы мәселесі тиісті түрде шешіледі деп үміттенеміз. Балық уылдырық шашуға оралған кезде олар үшін қолайлы орта жасалады,» – деп атап өтті БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ибраев.

Серік ЕСЕНОВ

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ:

x
2020-10-26
Утром3.82 ℃
Днем6.97 ℃
Вечером6.51 ℃
Ночью5.04 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра7.16 м/с
2020-10-27
Утром-0.57 ℃
Днем4.92 ℃
Вечером1.97 ℃
Ночью0.63 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.24 м/с