Оралда көпқабатты үй өртеніп, бір адам зардап шекті

Оралда бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 19.17-де Дәулеткерей көшесі 31-үйде орын алды. Осы үйдің бесінші қабатындағы 12-пәтерде жеке заттар жанды. Өрт аумағы 25 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 19.36-да оқшауланып, 19.50-де ауыздықталды. Оқиға орнынан 30 адам шығарылса, соның бесеуі – балалар — делінген хабарламада.

Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің қосымша нақтылауынша, 47 жастағы ер адам оң жамбасы мен білегінен күйік жарақатын алған. Ол мас күйінде болған. 43 жастағы ер адам жеңіл дәрежеде газдан уланған. Екеуі де қалалық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-12
Утром13.68 ℃
Днем20.67 ℃
Вечером21.17 ℃
Ночью16.84 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра8.13 м/с
2026-05-13
Утром13.56 ℃
Днем21.76 ℃
Вечером22.7 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра8.05 м/с