Қазақстандықтарға Ресейге кіруге рұқсат етілді.Тек ұшақпен болады
Ресей үкіметі Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға Ресейге кіруге рұқсат етті, – деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, елдер арасында рейс аптасына бір рет болады. Қазақстанмен (Нұр-Сұлтан), Қырғызстанмен (Бішкек) және Беларусьпен (Минск) әуе қатынасы 21 қыркүйекте, ал Оңтүстік Кореямен (Сеул) 27 қыркүйекте ашылады.
«Тағы төрт елдің – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Корея азаматтары үшін коронавирус таралуына байланысты Ресейге кіруге қойылған шектеулер алып тасталды. Бұл туралы үкіметтің қаулысы шықты», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан ҰҚК қызметкерлері тек әуе қатынасы ашылатынын атап өтті.
Құрлық шекараларын ашу туралы шешімді Үкімет эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылдайды.
Вице-премьер Татьяна Голикованың басшылығымен Ресей аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша 18 қыркүйекте Қазақстанмен, Беларусьпен, Қырғызстанмен және Кореямен өзара негізде әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім ұсынылды.