БҚО дәрігерлеріне коронавируспен күрескені үшін 2,6 миллиардтан астам теңге төленді

Батыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлеріне наурыз-тамыз айларына 2 миллиард 630 миллион теңге төленді. Алушылар қатарына 1280 дәрігер, 4918 орта медициналық қызметкер, 1691 кіші персонал қызметкері және 894 жедел және шұғыл көмек жүргізушісі кірді.

«ОА» мұрағатынан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірлік комиссия ТЖ кезінде жұмыс істеген кезеңде 214 медицина қызметкеріне арналған материалдарды қарады, олардың 141-і қанағаттандырылды. 94 медицина қызметкері жәрдемақы төлеуге қойылды, 47 тұлға бойынша ақпараттық жүйе mapcovid.eisz.kz қате береді (амбулаториялық емдеу, диагноз қойылмаған). Арнайы жұмыс тобы жәрдемақы төлеу үшін материалдар жинауды жалғастыруда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, өңірдің инфекциялық стационарларына барлығы 101 медицина қызметкері – 17 дәрігер, 46 орта медицина қызметкері, 38 адам кіші медицина персоналы тартылған. Медицина қызметкерлерінің тапшылығы жоқ.

Биыл Батыс Қазақстан облысына 118 дәрігер жіберілді. Бүгінгі таңда облысқа 106 жас маман келіп, жұмысқа орналасты. Оның ішінде: 70 адам-Оспанов атындағы БҚМУ түлектері, (Ақтөбе қ.) Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қ.), АМУ (Астана қ.), МУК (Қарағанды қ.), ОҚМА (Шымкент қ.), үздіксіз білім беру ҚазМУ (Алматы қ.), көз аурулары ҚазҒЗИ (Астана қ.).

Келген жас мамандардың ішінен 7 резидент Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірген. жергілікті бюджет есебінен оқыды (онколог – 2, инфекционист – 2, психиатр – 2,эндокринолог – 1). Бүгінгі таңда олар Орал қаласының стационарларына жұмысқа орналастырылды.

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжін бітірген 307 маманның 242-сі қалалық және аудандық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастырылды. «Мақсат» жеке медициналық колледжінің 236 түлектерінің 144 медицина қызметкері облыстың медициналық ұйымдарында еңбек етеді.

Сонымен қатар, өңірде 5 зертхана жұмыс істейді, оларда 22 851 зерттеуге 455,5 тест-жүйесі бар. Күніне орта есеппен коронавирустық инфекцияға 1000 зерттеу жүргізіледі. Сондай-ақ, тәулік бойы 3 ауысымда call-орталық жұмыс істейді. Соңғы аптада «109» – ға 1200-ден астам қоңырау түсті, оның ішінде: covid-19 сұрақтары бойынша-161 қоңырау.

Облыста шектеу карантиндік шаралары қолданылады. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 628 әкімшілік хаттама толтырылып, 38,3 миллион теңге айыппұл салынды. Дәрілік препараттардың бағасын көтергені, оларды рұқсат құжаттарынсыз өткізгені, медициналық препараттарға тіркелмегені үшін жеке дәріханалардың басшыларына және жеке тұлғаларға 10,12 миллион теңге сомасында 61 айыппұл салынды.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 45 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

Шығыс Қазақстан облысы – 18;

Нұр-Сұлтан – 6.

БҚО 2 адамнан анықталып, жалпы ауырғандар саны 6840 адамға жетті, жазылып шыққандары 6607, қайтыс болғандары 102 адам.

Республика бойынша барлығы 107 307 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 101 941.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 699-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 31 148 адам ауырып, 344 науқас көз жұмған (20 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 62, көз жұмғандар – 1).

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-16
Утром-2.41 ℃
Днем-5.32 ℃
Вечером-10.64 ℃
Ночью-10.59 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра10.45 м/с
2025-02-17
Утром-14.57 ℃
Днем-9.74 ℃
Вечером-12.4 ℃
Ночью-15.33 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.76 м/с