Қазақстанда журналистердің салалық кәсіподағы құрылды

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ZOOM платформасында ұйымдастырылған бейнеконференцияда айтылды. Конференцияға қазақ телевизиясында ұзақ жылдар еңбек еткен белгілі журналистер Арман Сқабылұлы, Махат Садық, Қымбат Досжан, Зейін Әліпбек, «Astana TV» телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағали, «Хабар 24» телеарнасының директоры Ольга Цой мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры Евгений Кочетов, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхаммед Байғараев, журналист, «IBalaqai» жобасының продюсері әрі жүргізушісі Махаббат Есен және өзге де журналистер, БАҚ саласының медиаменеджерлері қатысты.

Журналистердің салалық кәсіподағы отандық БАҚ саласының дамуы, тілшілер қауымының қоғамдағы ықпалы мен рөлінің артуына, мәртебесінің көтерілуіне күш салады.

Зейін Әліпбек

Ұйым төрағасы ретінде журналистикада 30 жылдық тәжірибесі бар, көрермен көзайымына айналған белгілі тележүргізуші Зейін Әліпбек ұсынылып, салаға жетекшілік ететін болды.

«Өкінішке қарай, журналист қауымның кәсіби жұмысы көбіне еленбей, көлеңкеде қалып жатады. Кейде, әріптестеріміз қызметтік міндетін орындау кезінде түрлі кедергілерге тап болатынын да көріп жүрміз. Сондықтан, журналистердің құқықтық, әлеуметтік мәртебесін көтеруге барынша күш салуымыз керек. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын бізге БАҚ қызметкерлерінің одағын құру қажеттілігі туып отыр» – деп атап өтті «Astana TV» телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағали онлайн кездесуде.

Салалық кәсіподақ басшысы Зейін Әліпбек құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

«Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруалар, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналисттердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз» дейді Зейін Әліпбек.

Конференция барысында БАҚ басшылары мен журналистер кәсіподақтың құрылуын дер кезінде қолға алынған бастама деп бағалап, жүйелі жұмыс істеп, табысты нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімін білдірді.

Айта кету керек, 2020 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Елде 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером28.7 ℃
Ночью25.47 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с