Оралда пойыз әйел адамды қағып кетті
Оралда пойыз әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Желаев жолы мен Ружейников көшесі қиылысындағы теміржол өткелінде болды.
Пойыз қағып кеткен жасы 50-лердегі әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344 – бабының 2-бөлігі (Қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп атап өтті Орал станциясындағы ЛОП бастығы Қайрат Жақиянов.
Оқиға орнына облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы шақырылды. Дәрігерлер өлімге диагноз қойды.
«Оқиға орнынан 50 жасқа толған азиялық ұлт әйелінің денесі табылды. Жоғарғы және төменгі аяқтардың травматикалық ампутациясы орын алды», – деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жергілікті тұрғындар бұл жердегі алғашқы қайғылы оқиға емес екенін атап өтті.
«Мұнда балалар мен ересектер теміржол жолдарын кесіп өтеді. Кейбіреулер тіпті құлаққаптарын да шешпейді. Өте қауіпті», – деді Айгүл Өтепова.
