«Ақ жол» партиясы қалалар мен облыс орталықтары әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуді ұсынды

Бұған дейін осындай ұсынысты «Нұр Отан» партиясының депутаты айтқан болатын, деп жазады «Vlast.kz».

ЖАНАР КАРИМОВАНЫҢ ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ СУРЕТІ.

Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» фракциясының атынан Нұржан Әлтаевтың соңынан «Ақ жол» фракциясының депутаттары қалалар мен облыс орталықтарының әкімдерін тікелей сайлау бойынша ұсыныстар әзірлейтіндерін мәлімдеді. Сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Демократиялық партия төрағасы, фракция жетекшісі Азат Перуашев мәлімдегендей, келесі жылы азаматтардың екі-үш қалада әкімдерді өздері таңдауға рұқсат беруге болады.

«Біз Президенттің келесі жылы ауыл әкімдерін тікелей осы елді мекендердің тұрғындарымен сайлау өткізу туралы тапсырмасын өте перспективалы деп санаймыз. Біз бұл бастаманы болашақта қарастыру керек деп санаймыз», – деді Перуашев.

Оның пікірінше, болашақта облыс орталықтары мен қалалардың, соның ішінде Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауға көшу қажет.

«Біз келесі жылы ауыл әкімдерінің сайлауын өткізумен қатар, екі-үш қаланың әкімдерін, оның ішінде облыс орталықтарының бір-екі әкімдерін де сайлау өткізу туралы ұсыныстар дайындаудамыз», – деді фракция жетекшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайланбалылығына деген сұраныстың күшейгенін көрсетіп отырғанын атап өткен болатын.

«Келесі жылы бірқатар ауылдық округ басшыларының өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», – деді Тоқаев.

Кейін «Нұр Отан» фракциясының Мәжіліс депутаттарының бірі Нұржан Әлтаев елге тек экономикалық қана емес, саяси реформалар да қажет екенін мәлімдеді. Осындай реформалардың бірі ретінде ол қалалар мен облыстардың әкімдерін тікелей сайлау қажеттігін атап өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-20
Утром16.29 ℃
Днем31.05 ℃
Вечером33.68 ℃
Ночью28.09 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.22 м/с
2025-07-21
Утром23.66 ℃
Днем36.59 ℃
Вечером31.1 ℃
Ночью27.21 ℃
Влажность17 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.94 м/с