Шетел түрмелерінде қанша қазақстандық отыр

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов шет елдердегі түрмелерде қанша қазақстандық отырғанын жария етті.

Ашық көздерден.

«Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда шетелде 831 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Тұтқындарды алмастыру бойынша халықаралық келісімшарт 21 мемлекетпен жасалды. 2019 жылы — 28, 2020 жылы — 10 адамды алмастырдық. Алдағы уақытта Өзбекстан, Кипр, Доминикан Республикасымен осындай келісімге келуді көздеп отырмыз», — деді депутат Сүйіндік Алдашев Парламент Сенатының отырысында.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Ресейде екенін айтты.

«Бүгінгі күні 735 адам шетелдердегі түрмеде отыр. 70 пайызы, яғни 537-і Ресейде. Олар біздің елдің азаматтары саналғанымен олар сонда жұмыс істеген, отбасыларын сонда көшіріп, сол жақта өмір сүрген азаматтар. Олар қайтыс келем десе, мүмкіндіктері бар. Екі елдің келісімшарты негізінде қайта алады. 2019-2020 жылы Ресей тарапынан үш азаматтың қайтарудан бас тартылды. Алдымен шығынды өтеуі керектігін алға тартты. Біз қазір мұндай келісімді Өзбекстанмен жасауды көздеп отырмыз. Себебі онда біздің 24 азамат түрмеде жазасын өтеуде. Ал біздің түрмеде Өзбекстанның 400 азаматы отыр. Егер осы келісімшартқа қол жеткізсек, бізде жазасын өтеушілерді өзара алмасу мүмкіндігі пайда болады», — деді спикер.

Марат Ахметжанов

«Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде, өкінішке орай, біздің 6 азаматымыз, оның ішінде 5 ер адам және бір әйел адам қамауда отыр. Тиісінше, осы заңға ел Президенті қол қойған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы уәкілетті орган ретінде оларды отанына қайтару шараларын қабылдайтын болады», — деді депутат Сәуле Айтпаева.

Бүгін пленарлық отырыста Біріккен Араб Әмірліктерімен осындай келісім ратификацияланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром18.14 ℃
Днем24.7 ℃
Вечером23.68 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.89 м/с
2026-06-14
Утром17.4 ℃
Днем25.36 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью19.73 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.58 м/с