Ашындырмай қоя ма, алаңсыздар?!

Қазақстан дамып келеді, үздік елдер қатарына кіріп келеміз дейміз, ал, бірақ шындығында қарапайым ұялы байланыстың өзі кей жерлерде ұстамайды. Ауылдарда төбе кезіп, шатырға шыққан балалар жайлы қаншама рет жазып, қаншама рет айттық. Бірақ, сол баяғы жартас, сол жартастың кебі. Өзгеріп жатқан ештеңе жоқ.

Ашық көздерден.

«Ашынғаннан шығады ащы даусым» дегендей, БҚО жол көлік оқиғасында ұялы байланыс болмай, дер кезінде жедел жәрдем шақыра алмай, жас дарын қыршын кетті. Оқиға орнында болған, таланты жастардың бірі Әділет Орынбасаров өзінің Фейсбук парақшасына жан айқайын, шарасыздықтан кешкен күйін, астан-кестең болған жан дүниесін, өзекті өртеген өкінішін жариялады. Мәтінді толықтай жариялап отырмыз, тек осыны естір құлақ, көрер көз болып, құр сөзден нақты іске көшіп, нәтижелі жұмыстанса ғой.

ШАРАСЫЗДЫҚ…

Осыны жазу керек пе, жоқ па, біраз ойландым. Сосын жазылу керек деп шештім. Бүгін жол көлік оқиғасының куәгері болдым. Қай аудан, қай ауылдың тұсы екендігін айтқым келмейді. Жалпы, бүгінгі күн мені көп жасқа есейткендей. Сөзімді қалай саптау керек екендігін де білмеймін. Жүрегім парша-парша. Жан дүнием астаң-кестең. Шарасыздықтан егілген бауырларымды көріп, ағыл-тегіл жыладым. Ия, ажал айтып келмейді. Бірақ бүгінгі оқиға менің тарапымнан заңды сауалдар туындатты. Алдымен, баяғы ұялы байланыстың болмауы. Ойбай, дамыған Қазақстан, онлайн оқу, әлемнің үздік 30 мемлекетінің қатары деп ұрандатамыз. Қаншама ауылдар ғаламтор былай тұрсын, кәдімгі сапалы ұялы байланысқа зәру. Мұқтаж! Адам жаны қыл үстінде тұрғанда жедел жәрдемге телефон шалып, көмекке шақырайын десең байланыс жоқ! Жоқ! Жан дауысың шығады. Бірақ таппайсың

Одан кейін жыр болған медицина мәселесі. Айналайын, жоғарыдағы көкелер! Еститін мемлекеттің қызметкерлері! Ауылдағы медицинаның хәлін білесіздер ме сіздер? Сағаттап күткен жедел жәрдемнің хәлі нашар адамды салып, көлікке дейін жеткізер қарапайым зембілі жоқ. Дем алуы қиындаған адамға салатын дәрілік препараттар таба алмай байғұс дәрігерлер сарсаңға түсті. Бір жедел жәрдем көлігі оқушыларды тасып жүр. Міне, дамыған ел! Медбикелердің шарасыздығын, қолдары байлаулы екендігін көріп бүйткен медицинаң құрсын деп айқайлағым келді. Содан кейін атаулы даталарға арналған шараларды бірінен соң бірін қойып, қарапайым қызметкерлерді зыр жүгіртер шекпенділерді түсінбеймін. Түсінуге тырысамын, бірақ түсіне алмаймын. «Тездету керек, мына шараны бітіріп, ана шараға үлгеру керек» дейтұғын бұйрықтар асығыстыққа әкеп соғады. Ал асыққан кімнің ісі екендігін қазақ білуі тиіс. Қойнауына қазына жасырған Қазақстанның жолы туралы айтқым да келмейді. Мен ашынамын! Мен күйінемін! Менің бауырларым соғыссыз-ақ қырылып жатыр. Пандемияның тағы бір толқыны, онлайн жұмыс, ғаламтордың ғаламаты арқылы білім аламыз дейміз кеп?! Қарақтарым, Астана мен Алматы, не болмаса облыс орталықтарынан бөлек те ауылдар бар ғой. Сол ауылдарда да адамдар бар. Олар да өмір сүргісі келеді. Бүгінгі жол көлік оқиғасында менің бауырым, талантты жас, бойына өнер дарыған қазақтың тағы бір баласы қаза тапты. Егілдім. Шарасыз қалпымды көріп өз өзімді жек көрдім. Білмеймін, менің жазуым, айтуым дұрыс па, бұрыс па? Сөгіңдер, жазғырыңдар. Мен елімнің, жерімнің болашағынан алаңдаймын. Мен бауырларымның әр көз жасын көріп жанымды қоярға жер таппаймын. Мен кінәліні іздегім келмейді. Енді оның қажеті де жоқ. Мен тек қазақты аяймын. Әділет Орынбасаров

Сурет Әділет Орынбасаровтың Фейсбук парақшасынан

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, тағы төрт адам зардап шекті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Индер-Орал жолы бойында болды. Сағат 13.40-та «Нива Шевроле» автокөлігінің аударылғаны жөнінде хабар түскен. Көлікте 5 адам болған. Чапаев ауылының 26 жастағы тұрғыны жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. 23 жастағы жігіт жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, қолы сынған. 46 жастағы ер адам да аудандық ауруханаға жатқызылды. 30 жастағы әйел мен 22 жастағы жігіт амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Дәулет Шамеловтың Фейсбук парақшасынан алынды.

Қаза тапқан талантты жас, өнерімен елді еліткен, дарынымен даланы тербеткен Дәулет Шамелов, болашағынан көп үміт күттірген, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттердің бірі еді. Кенеттен болған қаза бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. «Орал апталығы» ұжымы марқұмның ата-анасы мен бауырларына, ағайын-тума, жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.77 ℃
Днем24.24 ℃
Вечером23.28 ℃
Ночью18.14 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.35 м/с
2025-04-20
Утром14.35 ℃
Днем24.82 ℃
Вечером24.35 ℃
Ночью18.88 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.92 м/с