Қазақстанда кедейлер көбейді

Індет кезінде Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдар саны 5,7 пайызға артқан. Бұл туралы статистика комитетінің дерегін зерттеген аналитикалық Finprom сайты хабарлады.

Ашық көздерден

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз ақша алатын адамдар 4,2 пайызды құраған. Бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш.

Ақпарат бойынша, кедейлер саны жағынан Түркістан (12,8%), Солтүстік Қазақстан облысы (7,4%), Жамбыл облысы (6,9 процента) алда тұр. Нұр-Сұлтан (1,4%), Қарағанды (2,4%), Атырау (3,1%) облыстары қалған аймақтармен салыстырғанда «ауқаттырақ» болып шыққан.

Алматы мен Шымкентте тұрғындардың табысы былтырмен салыстырғанда азайған. Алматыда кедейлік деңгейі – 6,2 пайыз (былтыр екінші тоқсанда 2,6 пайыз болған), Шымкентте 6,4 пайызды (екінші тоқсанда 3,1 пайыз) құраған.

Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанда экономикалық белсенділік төмендеп, коронавирус дағдарысының әсері қатты біліне бастаған тұста «кедейлену» тренді барлық өңірде байқалған. Елде табысы күнкөріс деңгейінен аз 1,1 миллион адам бар.

Шілде айында Дүниежүзілік банк індеттің кесірінен Қазақстанда тағы 800 мың адам кедейлер қатарына қосылады деп болжаған еді. 2020 жылы кедейлік деңгейі «болжалды» 8,3 пайыздан 12,7 пайызға дейін артуы мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-15
Утром20.59 ℃
Днем25.97 ℃
Вечером30.34 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра3.63 м/с
2025-07-16
Утром22.14 ℃
Днем27.6 ℃
Вечером29.39 ℃
Ночью23 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра4.56 м/с