Ер адам Ақсайдағы қақтығыс салдарынан қайтыс болды. Марқұмның туыстары мен көршілері кінәліні жазаламайды деп қорқады
Өткен демалыс күндері Ақсайда Шыңғырлау көшесіндегі аулалардың бірінде адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, УҰИ — ға қамауға алынды, бірақ қайтыс болған жігіттің туыстары мен көршілері өлтірушінің байланысы бар және ол жазадан құтылып кетеді, дейді.

– Ақсайда сенбіден жексенбіге қараған түні (26-27 қыркүйек) кісі өлімі болды. Асылан есімді ер адам (аты өзгертілген-автор. ескерт.) адамды өлтірді, енді олар ағайыны Жоғарғы Сотта, ал ағасы қалалық әлде облыстық прокуратурада жұмыс істейтіндіктен істі басқаша жүргізгісі келеді. Менің көршімді өлтіріді, Асылан екеуінің арасында түнде жеке әңгіме болды. Асылан оның тамырын пышақпен кесіп тастады, сондықтан ол қайтыс болды. Енді туыстары бұл іс тергелмейді деп санайды», — деді марқұмның көршісі.
Полиция бұл істі «тоқтатуға» тырысып жатқанын жоққа шығарды, бірақ қылмыс фактісін растады.
— Мұндай факт орын алған, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру). Адам УҰИ-ға қамалды. Байланыстар мен істі тоқтату туралы ештеңе жоқ. Кейбір туыстары болуы мүмкін, бірақ олардың тарапынан ешқандай қысым жоқ, — деді БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белдібеков.
Алексей Воробьев