БҚО-да пайдаланылмаған 2,6 мың га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды

Батыс қазақстан облысы Жаңақала ауданының жалпы жер көлемі 2 миллион гектардан асады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1 миллион гектардай.

Көрнекі сурет.

Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин атап өткендей, қазір пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға алу және оларды нарықтық айналымға тарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 28,7 мың гектар пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды. Тексеру нәтижесінде 26,8 мың гектар жер пайдаланушыларға 1 жыл мерзімге тиісті ескертулер беріліп, шамамен 1854 гектар жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

«2020 жылы 43 шаруа қожалығының 64,9 мың гектары анықталды, қазіргі уақытта жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде. Оның 2,6 мың гектары мемлекетке қайтарылды. 2018-2020 жылдар аралығында шаруа қожалықтарына 31,8 мың гектар жер берілді», – деді Наурызбай Қарағойшин.

Бүгінгі таңда тоғыз ауылдық округте 518 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Тұтастай алғанда. аудан бойынша мал басы тұрақты өсуде. Қазіргі уақытта 70919 бас ірі қара, 182028 қой мен ешкі, 27960 жылқы және 659 түйе өсіріледі.

«2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8 миллиард теңгеден асты. Мал шаруашылығын дамытудың басты мақсаттарының бірі-асыл тұқымды мал шаруашылығы. 2017 жылы 29 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысты, 2020 жылы олардың саны 46 – ға жетті», – деп атап өтті аудан әкімі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

16 − 13 =

x
2024-03-03
Утром-14.95 ℃
Днем-6.87 ℃
Вечером-8.97 ℃
Ночью-14.12 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.09 м/с
2024-03-04
Утром-17.05 ℃
Днем-7.46 ℃
Вечером-9.49 ℃
Ночью-14.07 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.31 м/с