Оралда тәуелсіз бақылаушыларды дайындайтын тегін тренинг өтеді
Оралда 1 қазан күні “Baqylau” тәуелсіз бақылаушыларды дайындайтын тегін тренинг өтеді. Жобасының басты мақсаты – сайлаудың әділ өтуіне ықпал ету. Тренинг-семинарды жобаның ұйымдастырушылары әрі тренерлері Бэлла Орынбетова мен Ғалымжан Оразымбет өткізеді.
Тренингке алдағы парламент сайлауында бақылаушы болуға ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады. Тренерлер сайлау өтетін жерде заң бұзушылықтарға жол бермеуге, бақылау жасауға және сайлаудың ашық өтуіне мейілінше атсалысуды үйретеді.
«Әділ сайлау деген – алдын ала бекітілген сценарий бойынша емес, халықтың қалауымен сайланған адамдардың билікке келуі. Қазір халықтың саясатқа қызығушылығы артты. Бұл – өте жақсы тенденция. Тек осы белсенділік әлеуметтік желі шеңберінде ғана қалып қоймай, өмірімізді өзгертуге пәрменді сайлауға бағытталса деген тілекпен “Baqylau” жобасына кірістім», – деп, пікір білдірген болатын Бэлла Орынбетов өзінің фейсбук парақшасында.
Қозғалыстың белсенді мүшесі Ғалымжан Оразымбет «Сайлаудың әділ өтуі өте маңызды. Өйткені біз сайлаған адамдар біздің өмірімізге тікелей қатысты шешімдер қабылдайды. Сайлауда тәуелсіз, принципшіл бақылаушы неғұрлым көп болса, сайлау соғұрлым таза өтеді. Әр азаматтың өмір сапасы сол бір күн азаннан кешке дейін бақылаушы болғанына тікелей қатысты. Сондықтан, әр адам, ең болмағанда, сонша жылда бір күнін осыған арнауы тиіс», – деп есептейді.
БҚО “ Жария” тәуелсіз бақылаушы қоғамдық қозғаласының басшысы Бекнур Сражанов «ОА» тілшісіне тренингтің қаншалықты маңызды екенің айтып кетті «Былтыр президент сайлауында көптеген заң бұзушылықтар болғаның білеміз. Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін тренингтің қаншалықты маңызды екенін айтқым келеді. Сол себепті 1 қазан күні өтетін тренингке ел болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды шақырамыз».
Егерде сіз тәуелсіз бақылаушы болғыныз келсе, сайлаудың әділетті өткенің қаласаныз ертең 1 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін болатын тегін тренингтің қатысушысы болуға шақырамыз.