Атырау және Ақтөбе облыстарында блокпосттар қойылмаған
ІІМ-де хабарланғандар ақпан-наурыз айларында тұрғандары. Ақтөбе облысында Ресеймен шекарадағы санпосттар осы жылдың ақпан айында орнатылды. Атырау облысында блокпосттар наурыздан бастап Теңізде тұр, деп хабарлайды informburo.kz.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі жіберетін 30 қыркүйектегі Үкімет отырысының ақпараттық-анықтамалық материалдарында ІІМ-нің «Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес екі өңірде төрт блокпост (Атырау облысында) және екі санитариялық бекет (Ақтөбе облысында) қойылғаны туралы»деректері ұсынылды.
Осы ақпарат негізінде көптеген БАҚ-та жоғарыда аталған өңірлерде блокпосттардың қайтарылғаны туралы жаңалық пайда болды. Алайда, бұл деректерді тексеру ІІМ хабарлаған Ақтөбе және Атырау облыстарындағы блокпосттар бұрыннан тұрғанын көрсетті.
«Ақтөбе облысының аумағында блокпосттар жоқ. РФ шекарасында ақпан айынан бастап Мәртөк ауданында «Жайсаң», Қарғалы ауданында «Әлімбет» санитарлық-карантиндік пункттері жұмыс істейді», – деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі өңір аумағында жаңа блокпосттардың қойылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінің аумағында төрт блокпост жұмыс істейді. Бұл шешім Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша қабылданды. Атырау облысының басқа аумақтарында блокпосттар орнатылмаған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ресми статистикаға сәйкес, соңғы уақытта Ақтөбе және Атырау облыстарында коронавирусты жұқтырудың бірлі – жарым жағдайлары тіркелуде (24 қыркүйектен бастап-тәулігіне бестен көп емес). Осы аймақтардың санитарлық қызметкерлерінің соңғы қаулыларында карантиндік шараларды қатаңдату қарастырылмаған.