БҚО бойынша тергеу басқармасының аға тергеушісі сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді (БЕЙНЕ)
БҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің тергеу басқармасының 3 санаттағы біліктілік сыныпты аға тергеушісі мен БҚО ЭТД-нің 4 санаттағы біліктілік сыныпты жедел уәкіліне қатысты тергеу басталды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттіктің ЖҚБ, БҚО бойынша ҚР ҚМ ҚМК-мен бірлесіп БҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің (бұдан әрі – БҚО бойынша ЭТД) тергеу басқармасының 3 санаттағы біліктілік сыныпты аға тергеушісі мен БҚО ЭТД-нің 4 санаттағы біліктілік сыныпты жедел уәкіліне қатысты тергеу бастады. Олар 2020 жылы 1 қазанда азамат «Т»-ны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтатуға ықпал ету сылтауымен 5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.
БҚО бойынша ЭТД қызметкерлері ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды.
