Батыс Қазақстанда сабақ өтіп жатқанда мектептің төбесі опырылып құлады

Достық ауылында мектепке дейінгі даярлық сыныбы оқушыларының партасына сылақтың бөліктері құлап кеткен.

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бәйтерек ауданының Достық елді мекеніндегі орта мектеп оқушыларының ата-аналары балаларының өмірі мен денсаулығына алаңдап отыр. Себебі осыдан қырық жылдай бұрын салынған мектеп апатты жағдайда тұр.

Төтенше жағдай білім беру мекемесінде қыркүйектің басында болған.

Оқушылардың бірінің анасы Светлана Головчиктің айтуынша, 9 қыркүйекте мектепке дейінгі даярлық сыныбында отырған балаларға төбеден сылақ пен цементтің бөліктері құлаған.

«Барлық жерге: парталарға, еденге түсіпті, бүкіл сыныпты шаң басқан, мен келгенде балалар болмады. Олар мені тыныштандыра бастады, баламды әкелуін талап еттім. Ұлым еңкейіп отырған екен, сылақтың бөліктері тимепті. Ол дірілдеп, қайта-қайта төбеге қарай берді», – дейді әйел.

Әйел балалардың өмірі мен денсаулығына алаңдап, келесі күні директорға кірген. Ол оған мектептің тозығы жеткенін, оқушыларға да, мұғалімдерге де үлкен қауіп төндіріп жатқанын жеткізген.

Ауыл мектебінің директоры Светлана Голубева бұл мәселе биліктің бақылауында екенін және жақын арада ауылда жаңа мектеп пайда болатынын хабарлады.

«Мектеп ғимараты ескі, 1982 жылы салынған. Қазіргі уақытта жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Ол келесі жылы салына бастаса керек», – деп атап өтті ол.

Достық ауылдық округінің әкімі Әбубәкір Төлеуов жаңа мектеп салынатынын растады.

«Құрылысқа бес гектар жер телімі бөлінді. Келесі жылы 900 орындық мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр», – деп нақтылады ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2020-12-04
Утром-16.47 ℃
Днем-17 ℃
Вечером-14.92 ℃
Ночью-15.55 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра2.77 м/с
2020-12-05
Утром-15.69 ℃
Днем-10.94 ℃
Вечером-14.15 ℃
Ночью-14.83 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра4.18 м/с