«ЛинкС» ЖШС камералар туралы ақпарат беруден бас тартты
Оралда камералар 1 қазанда жұмыс істей бастайды деген ақпарат жалған болып шықты.

«ЛинкС» ЖСШ компаниясы қондырып жатқан камералар 1 қазан күні іске қосылады деген қау өсет әлеуметтік желіде тез тарап кеткен болатын. Ақпараттың анық –қанығын білу үшін БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековке хабарластық.
Ол бұл ақпаратты жалған деп отыр.
«Мына ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл құрылғылардың қосылатыны туралы ресми түрде ақпарат береміз. Қазіргі уақытта орнатушы фирма монтаж жұмыстарына үлгермеуіне байланысты 1 желтоқсанға дейін пайдалануға беру мерзімін ұзартуды сұрап отыр.»— деді Болатбек Белгібеков.
«ОА» редакциясы тендерді ұтқан «ЛинкС» ЖШС компаниясы басшысына (есімін атаудан бас тартты) хабарласып, не себепті камераларды орнату жұмыстары кешіктіріліп жатқаның сұрады.
«Жұмыстардың не себепті кешіктіріліп жатқанын әзірге айта алмаймын. Өйткені келісім шарт бойынша еш нәрсе айтуға болмайды. Айтудан бас тартамын. Оны сіз оданда полиция департаментінен сұраныз, тапсырыс берген солар», — деді ол.
Серік ЕСЕНОВ
