Оралда автокөлікпен бірге үш бала суға батып кетті
Қайғылы оқиға бүгін, 3 қазанда, кешке қарай болды. Белгісіз әйел полицияға қоңырау шалып, Шаған өзенінде үш кішкентай баласы бар көлік батып бара жатқанын хабарлады. Келген полиция қызметкерлері оларды құтқара алмады.

«Бүгін сағат 16.55-те белгісіз әйелден Шаған өзенінің жағасында 3 баласы бар көліктің батып кеткені туралы 102-ге қоңырау түсті. Оқиға орнына ең жақын полиция жасағы келді олардың ішенен 3 қызметкер бірден суға жүгіріп балаларды құтқаруға тырысты. Өкінішке орай, балаларды құтқару мүмкін болмады. 2011, 2013 және 2014 жылдары туылған балалар суға кетті», — деді БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белдібеков.
Ол сондай-ақ полиция балаларды көліктен құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын атап өтті.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Достық ауылында болғанын атап өтті.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалардың қараусыз қалуына байланысты суға батып кеткен автокөліктен 2011 ж.т., 2013 ж.т. және 2014 ж.т. кәмелетке толмаған балалардың мәйіттерін шығарды оқиға орнында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмыс істеді», — делінген хабарламада.

Кейін Болатбек Белдібеков аталған факті бойынша ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Сондай-ақ, ол балалар ересектермен бірге табиғат аясына демалуға келгенін атап өтті.
Алексей Воробьев
