Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 71 адам тіркелді

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтер жарияланды. Өткен тәулікте тағы 71 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды Coronavirus2020 ресми сайты.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

Шығыс Қазақстан облысы – 18;

Нұр-Сұлтан – 14.

Республика бойынша барлығы 108 106 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 103 205.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 743-ке жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 33 571 адам ауырып, 358 науқас көз жұмған (3 қазанда тіркелген науқас саны – 193, көз жұмғандар тіркелген жоқ).

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Еске салсақ, 6 қазаннан бастап Қазақстанға шетелден келетін жолаушылардан ПТР анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді. Оған қоса, ауадағы ылғалдың булану жылдамдығы – коронавирустың таралуына себеп болған негізгі жағдайлардың бірі. Инфекция әдісін модельдеген ғалымдар осындай қорытындыға келді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с