Қабырғамызды қайыстырып кетті: Көлікпен бірге суға батып кеткен балалар өлімінің мән-жайы

Олар демалысты пайдаланып, балалармен бірге табиғат аясына шыққан. Үлкендер балық аулап жатқанда, балалар әдеттегідей ойнап жүрген. Ал отағасы көлігін қырдың үстіне өзенге қаратып қойған екен.Өзенге түсіп кеткен көлік ішіндегі балаларды ата-анасы құтқаруға жүгірген. Бірақ автомобильдің есіктері бұғатталып қалған.

Ата-анасымен бірге Шаған өзені жағасына демалуға барған Нұрислам, Азат, Ерген есімді үш баланың автокөлікпен бірге суға батып кеткені жөнінде ақпарат әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Қайғылы оқиға үшінші қазан күні Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында орын алды. Шауып жүрген қос ұлынан бір мезетте айырылған отбасы қос перзентін бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Ал Ергеннің жаназасы ертең шығарылады.

«Мен оқиғаның нақты қалай болғанын білмеймін. Ештеңе сұрамадым. Қазаларын естігенде төбемізге жай түскендей болды. Әбден есеңгіреп қалдық. Әлі өз-өзімізге келе алар емеспіз. Нұрислам мен Азат інімнің, Ерген сіңілімнің баласы. Қабырғамызды қайыстырып кетті. Қайғыдан қан жұтып отырғанда туыстарымды мазаламасаңыздар жақсы болады. Қазір бірдеңе айтатындай жағдайда емес,» — деді өзін Нұржанның апасымын деп таныстырған Алтын есімді тұрғын.

«Біршама уақыттан кейін балалар телефонмен ойнаймыз деп, көлікке отырған. Машина «коробка автоматпен» жүреді. Шамасы, соны қозғап жібергеннен кейін автокөлік ылдиға қарай қозғалып кетсе керек.Көлік жоғары инерциямен суға түскені сонша, өзеннің арғы бетіне таяған. Терезенің шынысын сындыруға әрекеттенгенімен, нәтиже болмаған. Су да өте суық болды. Бұл – өте ауыр қайғы, үлкен трагедия. Ата-аналарды кінәлауға болмайды, олай болатынын кім білген», – дейді балалардың туған-туыстары.

Қыршыннан қиылған Нұрислам тоғызда болса, інісі Азат жеті жаста. Ал Ерген небәрі алтыда. Қапияда ұлдарынан айрылып, қара жамылған отбасына көңіл айта келге Кенжебек өзін «Нұржанның досымын» деп таныстырды. Оның айтуынша, автокөлік тік жарда тұрған. Балалар көліктің ішінде ойнап отырғанда көліктің жылдамдық құрылғысы істен шығып, өзенге құлап кеткен.

«Өкінішке қарай балалар шыға алмай қалды. Машина құлаған бойда өзенге батып кеткен. Ата-анасы дереу «102»-ге хабарласқан. Олар келем дегенше үш бүлдіршін көз жұмды. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді ғой. Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін. Қайтыс болған балдардың ата-анасы өте жақсы адамдар. Өзім Нұржанмен жақсы араласамын. Жүргізуші болып жұмыс істейді», — деді ол.

Достық ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры орынбасарының сөзінше, Нұрислам, Азат Ергеннің сабақ үлгерімдері өте жақсы болған. Олар соңғы рет партаға қазанның екісі күні отырған.

«Қас-қағым сәтте үш бірдей оқушыдан айырылу кімге оңай дейсіз. Ата-анасына ғана емес, бізге де оңай соғып жатқан,» — деді аты-жөнін атамаған мектеп директорының орынбасары.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Сурет: Артем БУКРЕВТІКІ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с