Қазақстанда 6 қазаннан бастап карантин ережелері қалай өзгереді?
Шет елден келген, анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары ПТР тест алу үшін екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады.

6 қазаннан бастап карантин талабы күшейді: жаңа қаулы шықты
— Шетелден ұшып келгендердің коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтамасы болуы керек;
— Тестті шекарадан өткенге дейін үш тәуліктен ерте емес уақытта алу қажет;
— Енді анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіре алмайды, ал қазақстандықтар карантиндік стационарға екі тәулікке оқшауланады;
— Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың шетелден келген отбасы мүшелері де коронавирусты анықтауға тест тапсырады;
— Бұл талаптар әуе қатынасы бар барлық елге қолданылады, елдерді санаттар бойынша бөлу бұрынғыдай емес;
— Әр аумақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері шетелден келген жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім қабылдауға құқылы;
— Халықаралық әуежайларда әр рейстен кейін ұшақтар дезинфекцияланады;
— Жолаушылар арасында бір метр қашықтық болуы керек;
— Тіркеу кезінде міндетті түрде маска режимі сақталуы қажет;
— Залда 50 пайыздан аспайтын театрлар жұмыс істей бастады. Нысандар сайтта тіркелуі керек — infokazakhstan.kz;
— Қаланың жеке тұрған ғимараттарында орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары (асханалар, кофеханалар, дәмханалар және басқалар) енді 05.00-ден 00.00-ге дейін ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істей алады, көрсетілген уақытта алып кетуге және жеткізуге рұқсат етіледі.
