Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейеді

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарып, той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.

«ОА» мұрағатынан.

Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап карантин күшейтіледі. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыға сәйкес, тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

«Жазғы алаңы бар, ашық аулада орналасқан, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін, 30-дан аспайтын отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандары 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Ішінде ұжымдық іс-шара, би алаңы мен үстелдерді біріктіруге тыйым салынсын», – делінген қаулыда.

Сонымен қатар қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

«Адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі бойынша сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін бес минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен қарбалас уақытта маршруттардағы көлік санын арттыруы тиіс», – делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, облыстағы спорт нысандары, фитнес орталықтар мен жаттығу залдарының жұмысы да тоқтатылады.

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.

«Жергілікті полиция қызметі жасырын жүргізіп жатқан отбасылық, ұжымдық іс-шараларды, медициналық маскасыз жолаушылар тасымалдаған қоғамдық көліктерді анықтауға патрульдеу күшейтілсін», – делінген жаңа қаулыда.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданында Булаево қаласы мен Есіл ауданының орталығы Явленка елді мекеніне қатаң карантин енгізілген болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.67 ℃
Ночью18.01 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с