«Қатып қалған Bilimland анықталған жоқ» – БҚО білім басқармасының басшысы
БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева бүгін БАҚ-қа арналған брифингте оқытуға қажетті барлық сервистер тұрақты және үзіліссіз жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ білім беру платформаларының жұмысында проблемалар оқу жылының алғашқы апталарында болғанын, бірақ қазір олар жоқ екенін және қателіктер тез арада жойылатынын атап өтті.

– Білім басқармасының жанында call-орталық жұмыс істейді, оған оқуға қатысты, атап айтқанда OnlineMektep платформасы бойынша қоңыраулар түседі. Оқу жылының алғашқы апталарында кестенің жоғалуы, кері байланыстың болмауы сияқты проблемалар болды. Қазіргі уақытта біз платформалардың жұмысына күнделікті мониторинг жүргіземіз, компания басшылығымен байланыс жасаймыз және қоңырау арқылы кемшіліктерді жоюға тырысамыз, — деді ол платформа жұмысындағы қиындықтар туралы.
Тікелей эфир кезінде Айгүл Мыңбаеваға жергілікті БАҚ-тың бірінен мынадай сұрақ қойылды: «BilimLand» бағдарламасының тоқтап қалуымен мәселе қашан шешіледі? Егер бағдарлама қатып қалса, бала сабақты көрмеді, тапсырманы да орындамады, бірақ ол бәрін дұрыс жасамағандай 0 қояды (скриншоттар бар). Бұл жағдайда қайда бару керек?».
— Мұндай шағымдар алғашқы күндері болды. Сайттың қатып қалуы анықталмады. Сұрақтар туындаған жағдайда ата-аналар мектепке не платформаның call-орталығына жүгіне алады, не болмаса telegram — ға не BilimLand e-mail-ға жаза алады, – деп жауап берді білім басқармасының басшысы.
Жаңа оқу жылында ата-аналар мен оқушылар арасында туындайтын сұрақтарға жедел жауап беру үшін облыстық білім басқармасының call-орталығында 1301, 87471127407 телефондары жұмыс істейді.
Алексей Воробьев