БҚО-да қосымша алты ұңғыманы бұрғылау жобасын талқылады
«Оралводпроект» ЖШС БҚО-да қосымша 6 ұңғыма бұрғылау жобасын әзірледі. Оларды орналастыру бойынша жұмыстарды 2021 жылы жүргізу жоспарлануда. Бұл ұңғымалар өндірілетін су көлемін тәулігіне 6-дан 7 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс орталығын сумен қамтамасыз ету проблемалары облыс әкімдігінде өткен кеңесте бірінші тақырыпқа айналды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев атап өткендей, суды үнемдеу бағдарламасын енгізу, тұтынушылар үшін судың сараланған тарифін әзірлеу, сондай-ақ су тазарту құрылыстарын жаңғыртуға барлық күш-жігерді жұмсау қажет.
Бүгінгі күні қалаға Жайық өзенінен тәулігіне 30 мың текше метр су беріледі. Трекино ауылы ауданындағы жерасты су бөгеті Қала үшін тәулігіне 22 мың текше метрді құрайды. Бұл су көлемі халықтың қажеттіліктері үшін жеткілікті, тек жазда жеке сектордағы бақшаларды ауыз сумен суаруға байланысты суды тұтыну арта бастайды. Нәтижесінде көп пәтерлі үйлердің тұрғындары сусыз

«2019 жылдың күзінен бастап жер асты су қоймасында су өндіруді арттыру бойынша шаралар қабылдануда: өнімділігі тәулігіне 1,3 мың текше метр 1 ұңғыма пайдалануға берілді, 5 ұңғыма күрделі жөнделді, бұл қалаға су көлемін тәулігіне 2 мың текше метрге арттыруға алып келді. Қазір Зашаған, Деркөл кенттерін және жоспарланған жаңа «Ақжайық» шағын ауданын сумен жабдықтау мәселесі өткір тұр», – деп атап өтті Орал әкімі Абат Шыныбеков.
Оның айтуынша, Камен топтық су құбырының қолда бар ресурстарын толық көлемде пайдалану қажет. Оның қоры тәулігіне 24 мың текше метрге дейін су алуға мүмкіндік береді, қазір тәулігіне 6,5 мың текше метр, пайдаланылмайтын су қоры – 17,5 мың текше метр. Облыс әкімдігінің қолдауымен Камен кен орнын облыстың коммуналдық меншігіне республикалық меншіктен беру жөніндегі іс-шараларды іске асыру басталды. Камен топтық су құбырының құрамына кіретін Серебряков кен орнынан су өндіру көлемін барланған қуаттарға – 24 мың текше метрге дейін жеткізу үшін қосымша ұңғымаларды бұрғылау, көлемі 3,6 мың текше метр таза судың екі резервуарын күрделі жөндеу, сондай-ақ су таратқышты кен орнынан Орал қаласына ауыстыру жөніндегі бірқатар іс-шараларды орындау қажет.