Оралда қоғам мүшелері емен тоғайын отырғызу үшін түйнектер жинады
«БҚО экологиялық-географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі түйнектерді жинауды ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Экологтар көктемде орман өрттері болған жерлерде емен көшеттерін отырғызу үшін түйнек жинауды шешті. Бұл игі акцияға еріктілер, студенттер мен оқушылар қосылды. Көптеген қала тұрғындары қуана жауап беріп, балаларымен бірге келді.
Жас экологтарға М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факультетінің экология және биология кафедрасының оқытушылары мен ғалымдары, БҚО ЭГО мүшелері орман қорын ұлғайтудың маңыздылығы, ағаштардың құндылығы және емен тоғайын өсіру үшін қанша күш пен еңбек керектігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, мамандар жергілікті тұқымнан өсірілген көшеттер жергілікті жағдайларға бейімделіп, жақсы өмір сүретінін атап өтті.
«Табиғатқа немқұрайлы қарау және орманда қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жыл сайын орман өрттерінде ондаған мың ағаш қырылады. Біз орман қорын толтырып, емен отырғызуды шештік. Енді күзде тұқым жиналады, ал көктемде біз жерге отырғызамыз. Акцияға қала тұрғындары, студенттер мен жасөспірімдер қатысты. Орман қорын толтырумен қатар, бұл іс-шараның тәрбиелік мәні бар. Балалардың өздері ағаш отырғызып, олармен бірге өсетін болса, олар біздің ормандарымыз үшін өздерінің жауапкершілігін жақсы сезінетін болады», – деді БҚО ЭГО төрағасы Дархан Сариев.