Оралдық тұрғынның үй аламын деп жинаған 5 млн теңгесі ұрланды

Орал қаласы полиция басқармасы мәлім еткеніндей, оқиға 12 қазан күні Зашаган кентінде болды.

Күндізгі сағат 11.00 мен 14.30 аралығында Тұмар ханым көшесі бойындағы жеке үйден 5 млн-ға жуық теңге ұрланды.

Ұры үйде ешкім жоғын байқап, есіктің құлпын сындырып ашып, ішке емін-еркін кірген. Үй иесінің пәтер аламын деп жинаған ақшасын жымқырып, бой тасалаған.

Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Ақжайық ауданының еш жерде жұмыс жасамайтын 24 жастағы тұрғыны 10 сағат ішінде қолға түсті. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қаржы үй иесіне қайтарылды. Сондай-ақ қолды болған корпусы қоңыр түсті «Нокия» маркалы ұялы телефон да тәркіленді.

Ақшасы қайта қолына тиген 55 жастағы әйел қылмыстың ізін суытпай ашқан полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Шаған полиция бөлімі бойынша биылғы тоғыз айда 22 пәтер ұрлығы (өткен жылы осы мерзімде – 48) тіркелді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-07-30
Утром22.97 ℃
Днем33.74 ℃
Вечером30.67 ℃
Ночью28.11 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.88 м/с
2021-07-31
Утром24.04 ℃
Днем36.05 ℃
Вечером33.31 ℃
Ночью24.65 ℃
Влажность18 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра11.05 м/с