БҚО-да Қазақстанға өткен 8 адамнан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында 6-14 қазан аралығында Ресеймен шекарадағы автоөткелдерден Қазақстанға 4942 адам өткен.

Артем Букреевтің суреті

БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, соның 1287-сі – жолаушылар. Олардың арасындағы 951 жолаушының қолында COVID-19-ға тексеруден өткені жөнінде анықтамасы болған. Анықтамасы жоқ 358 адам түгелдей екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылды. Соның ішінде 8 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұлардың бесеуі – «Сырым», екеуі «Тасқала», біреуі «Ақсай» бекетінен өткен.

Анықтамасы жоқ 56 шетелдік азамат кері қайтарылды.

Соңғы тәулікте шекарадан 508 адам өтсе, соның 146-сы – жолаушылар. Анықтамасы жоқ 26 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Үшеуінен індет табылды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес облысымен шектеседі.

Шекарада тұрған 4 автоөткелде санитарлық-карантиндік бекеттер бар. Онда эпидемиолог мамандар сауалнама жүргізіп, келгендердің қызуын өлшеп, анықтамасының бар-жоғын тексеруде.

«Көршілес Ресей елінде коронавирустың өрши түсуі алаңдатады. Тек соңғы тәулікте 14 мың адамнан індет анықталып отыр. Сондықтан шекараларда карантиндік шаралар күшейтіледі. Қазіргі кезде жаңа қаулы әзірленуде», – деді М.Арыспаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-07-30
Утром22.97 ℃
Днем33.74 ℃
Вечером29.99 ℃
Ночью27.49 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.88 м/с
2021-07-31
Утром24.04 ℃
Днем36.05 ℃
Вечером33.31 ℃
Ночью24.65 ℃
Влажность18 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра11.05 м/с