Қазақстанда қайтыс болғаны туралы куәлікті алу процестері жеңілдеді.

Қазақстанда қайтыс болғаны туралы куәлікті алу процестері жеңілдеді. Бұдан бұлай қайтыс болған адамдардың туыстары құжаттарды қиындықсыз рәсімдей алады.

Ашық көздерден.

Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Президент Әкімшілігінде қызмет еткен кезім – пандемия жайлаған уақытта Президент мәйітханалардың жанында көптеген адам жиналғанына назар аудару керегін айтты. Біз оның тапсырмасы бойынша талқылап, істің мән-жайын анықтадық. Мекемелер арасындағы бюрократияға байланысты қайтыс болғаны туралы куәлік алудың күрделі процестері бар. Осы процесті өзгерту үшін мен оны электрондық жүйеге ауыстыру бастамасын көтердім», – деп жазды.

Министрдің айтуынша, барлық мемлекеттік органдар (ҚР ДСМ, ҚР ӘМ және ҚР БП ҚСжАЕК) толық интеграциялауды жедел түрде аяқтады.

Бұдан былай қайтыс болғаны туралы куәлікті алу бойынша күрделі процестің орнына eGov.kz порталдан бір анықтаманы алуға болады. Бұл сервис бірден бірнеше анықтаманы жояды.

«Өкінішке қарай, пандемия кезінде көпшілігіміз осы жағдайға тап болдық. Біздің міндетіміз – осындай қиын кезеңде қажеті жоқ қағазбастылықты жеңілдету. Мұндай процестерді автоматтандыру өте маңызды. Сондықтан біз қағазбастылықты барынша азайтып, барлығын онлайн режимге көшіруді жалғастырамыз», – деп жазды министр Бағдат Мусин.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с