БҚО-да 410 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 410 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде 221-і немесе 53,9 пайызы – жергілікті атқару органдары қызметшілері, 189-ы немесе 46,1 пайызы – аумақтық мемлекеттік органдар қызметшілері.

Соның ішінде 349 қызметші (85,1 пайыз) тәртіптік комиссия отырыстарының қарауынсыз жауапкершілікке тартылып, оларға 253 ескерту, 74 сөгіс, 22 қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Тәртіптік комиссиялар мен басқа да уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша 61 тәртіптік жаза қолданылса, соның ішінде Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін 10, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін 8, өзге заңнама талаптарын бұзған 43 адам жауапқа тартылды.

Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларында 107 материал қаралып, соның нәтижесінде тәртіптік жазаға тарту туралы 51 ұсыным жасалды. Тәртіптік жазаға тартуға негіз жоқ деген 56 ұсыным енгізілді.

Ғалым Сұлтанұлының сөзіне қарағанда, осы кезге дейін БҚО-дағы әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өтіп, онда 32 мәселе қаралды. Соның 21-і (64,5 пайызы) профилактикалық бағыттағы мәселелер болса, 11-і немесе 35,5 пайызы –тәртіптік істер.

«Әдеп жөніндегі кеңес талқылай келе 10 лауазымды тұлғаға (2019 жылдың тоғыз айында – 5) тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасады. Соның ішінде бесеуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылыққа барған. Бұлардың үшеуіне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру, екеуін атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босату ұсынылды. Бес қызметші (біреуі – қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, екеуі – қатаң сөгіс, екеуі –ескерту) Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылды. Бір тәртіптік іс тоқтатылды», деді Ғ.Тұрсынбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с