Батыс Қазақстан облысында биыл 436 шақырым жол жөнделеді

Батыс Қазақстан облысында биыл 36,2 млрд теңгеге 436,5 шақырым жол жөнделмекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ОА» мұрағатынан.

Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің айтуынша, жол жөндеу бойынша барлығы 102 жоба жүзеге асырылуда.

Соның ішінде 7,1 млрд теңгеге ұзындығы 103,7 км республикалық маңызы бар (9 жоба), 12 млрд теңгеге 167,8 км облыстық және аудандық жолдар ретке келтірілмекші. Оған қоса 17,1 млрд теңгеге 165 км көше-жол желісі (69 жоба) жөнделмекші. Осының ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 10 млрд, «Ауыл – ел бесігі» арқылы 4,2 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі таңда 23,4 млрд теңге игеріліп, 335 км жол жөндеуден өтті.

Т.Шәкімовтің сөзіне қарағанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 48 жоба жүзеге асырылуда. 10 млрд теңгеге 86,6 км жол жөндеу жоспарланып, 2730 жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыс орталығында 30 жоба (34,2 км), өңірдің сегіз ауданында 18 жоба (52,4) жүзеге асырылуда.

«Облыс басшысы тарапынан жол жөндеу жұмыстарын бір ай ішінде аяқтау жөнінде тапсырма берілді. Сонымен қатар алдағы қыс кезінде жолды күтіп ұстауға дайындық ісі де пысықталуда», деді Т.Шәкімов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-10
Утром16.47 ℃
Днем25.27 ℃
Вечером25.39 ℃
Ночью19.92 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.06 м/с
2026-06-11
Утром17.31 ℃
Днем25.31 ℃
Вечером24.88 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6 м/с