БҚО-да сенбі күні сауда үйлері жұмыс істемейді

Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупіне байланысты сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Бұл туралы облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

Артем Букреевтің суреті

— Соңғы екі аптада коронавирустық инфекция ауруының өсуі байқалатындықтан, демалыс күні сауда үйлерінің жұмысына рұқсат беру облыс тұрғындарын вирус жұқтыруға ұшыратуы мүмкін, — деп хабарлады департаменттен.

Сондай-ақ, ведомствода сауда үйлерінде орналасқан дәріханалар мен азық-түлік бөлімдері бұрынғы режимде жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында сенбі күні кешкі сағат беске дейін сауда үйлерінің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Бірақ демалыс күні облыстар бойынша жұмыс істеуге рұқсатты жергілікті бас санитарлық дәрігерлер бақылайды және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығына және сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты шешім қабылдайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.87 ℃
Вечером0.57 ℃
Ночью1.21 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра8.08 м/с
2026-02-16
Утром0.69 ℃
Днем0.62 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.42 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.82 м/с