Оралда карантин ережелерін қайта бұзған кафелер жабылады

Бұл туралы БҚО-ның Бас санитарлық дәрігері жедел штаб отырысында мәлімдеді.

Мұхамғали Арыспаев, мониторингтік топтар қоғамдық көлік, мейрамхана мен кафелерді тексергенін айтты.

– Тексеру нәтижелері бойынша кейбір мейрамханалардың иелері екінші мәрте айыппұл алды, бірақ соған қарамастан олар той өткізуді жалғастыруда. Жолаушылар автобусының жүргізушілері өздері бетпердесіз жүреді, сонымен қатар жолаушылардың көпшілігі де. Ал соңғы аптада коронавируспен байланысты жағдай нашарлады, бізде аурудың өсуі басталды, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Сондай-ақ, ол егер мейрамхана немесе кафе иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынса, онда екінші рет оның мекемесі жабылатынын айтты.

Ернар Сұлтанғалиев 25 тамыздан бастап 102 пультіне өткізілген үйлену тойлары туралы 24 хабарлама келіп түскенін атап өтті. Олардың ішінде 8 жағдай расталды, ал бұл адамдар хабарлама үшін 20 мың теңгеден алды, — деп атап өтті ол.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев біздің тұрғындар мейрамханалар мен кафелерге жиналып, өздерін және айналасындағыларды коронавирус жұқтыру қаупіне душар ететінін және мұндай мерекелерге айыппұл салынатыны ешкімді тоқтатпайтынын айтты.

Сондай-ақ, ол қашықтықтан сақтау режимі мен санитарлық талаптар еш жерде сақталмай отыр деді.

– Қоғамдық орындар мен көліктерде көпшілік бетперде кимейді. Мониторингтік топтарды өз орындарына жібермей, жұмыстарына кедергі келтіруге дейін жетті, – деді Ғали Есқалиев.

Ғали Есқалиев, егер бұл жалғаса берсе, онда айыппұл салынған мейрамханалар мен кафелер иелерінің аты-жөндері жарияланатынын айтты. Сонымен қатар, ол мониторингтік топтардың жұмысын және тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді сондай-ақ санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды тапсырды.

— Мен полиция қызметкерлерінің кезекшілігін орнатуды ұсынамын, ал адамдар мейрамханалардан шыға бастағанда — оны камераға түсіріп алуды ұсынамын. Олар онда тәулік бойы отырмайды, бір кездері бәрібір шығады ғой, – деді Ғали Есқалиев.

Облыс әкімі мониторингтік топтардың жұмысына көмектесетін тұрғындарды ынталандыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-20
Утром6.64 ℃
Днем13.38 ℃
Вечером11.46 ℃
Ночью9.59 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.44 м/с
2022-05-21
Утром5.29 ℃
Днем11.09 ℃
Вечером10.81 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.25 м/с