Оралда тарифтерді көтеру бойынша қоғамдық тыңдаулар онлайн форматта өтеді
Енді тарифтерді көтеру бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін Zoom қосымшасын орнату немесе Facebook-те тікелей эфирге қатысу қажет. БҚО бас санитарлық дәрігерінің жақында қабылдаған қаулысына байланысты жұртшылықпен кездесу форматы өзгерді.

«Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қазандағы қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаменті 2021-2025 жылдарға арналған тариф және тарифтік смета жобасын талқылау бойынша Жария тыңдаулар онлайн режимде өткізілетінін хабарлайды. Тұтынушылардың әлеуметтік желілер арқылы қосылу мүмкіндігі болады», — деп хабарлады монополияға қарсы комитеттен.
Осылайша, тікелей эфир департамент басшысының Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілетін болады. Сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100055358385771
Немесе ZOOM платформасы арқылы конференцияға қатысуға болады.
— 2020 жылғы 23 қазанда сағат 15:00-де «Жайықжылуқуат»АҚ жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметтері бойынша. Сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/79389912568pwd=Y2ZadVdWa3VqOEozMzA5WG5RK0V2UT09. конференция идентификаторы: 793 89912568. Кіру коды: Q2bM2Y.
-2020 жылғы 26 қазанда сағат 11:00-де «Батыс Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы»АҚ-ның электр энергиясын беру және тарату қызметі бойынша. Zoom конференциясының идентификаторы: 948 706 8363. Пароль: 123123.
Тыңдауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
