Қазақстанға келген авиажолаушылар енді COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов 23 қазанда № 59 жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды күшейтуді көздейді.

Қаулыға сәйкес, 27 қазаннан бастап Қазақстанға келген барлық авиажолаушылар нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанмен шекараны кесіп өткен сәтте 3 тәуліктен аспайтын уақытта COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама қажет емес, бірақ ол олармен бірге жүретін адамдарда болуы керек.

Қаулыда нақты жазылмаған, бірақ ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде ПТР-анықтамасыз қазақстандықтарды ұшу елінен ұшақ бортына жібермейтіні расталды. Бірақ кейбір жағдайлар жеке қарастырылады.

Қазақстан әуежайларында келгендердің температурасын өлшеу керек. Егер ол жоғарыласа, онда ПТР-анықтаманың болуына қарамастан, оларды инфекциялық стационарға оқшаулайды.

Транзиттік жолаушылар транзиттік аймақтан шыға алмайды.

«ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған кезде ПТР әдісімен covid-19-ға зертханалық тексеру үшін 2 тәулікке карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. Covid-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар келген адамдарға тиісті қолхат ала отырып, covid-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі. Covid-19 — ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады, — делінген қаулыда.«

Осыған ұқсас схема бойынша Қазақстанға мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы теміржол, теңіз, өзен көліктерінде және автоөтпе жолдарда келетін адамдармен жұмыс жүргізілуде.

Яғни, олар міндетті түрде ПТР анықтамасын ұсынуы керек, оның мерзімі нәтиже алған сәттен бастап үш күннен аспайды. Температурасы жоғары адамдарды стационарларға оқшаулайды.

Халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өтетін көлік жүргізушілері термометриядан және сауалнама жүргізуден өтеді.

Қазақстан бойынша транзиттік халықаралық жүк тасымалдарын екі жақты тәртіппен жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметіне байланысты адамдар термометриядан және сауалнамадан, сондай-ақ ПТР-тестілеуден өтуге тиіс. Оң нәтиже алған кезде дәрігерлер келгенді тексереді. Егер оның коронавирус белгілері болса, ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. COVID-19 белгілері болмаған кезде оған межелі пунктке келгеннен кейін ауруханаға бару қажеттігі туралы хабарлайды.

Бұдан әрі қаулыда бас санитарлық дәрігер Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жолаушылар қатынасын шектеуді қамтамасыз етуі керек деп жазды.

Авиакомпаниялар ПТР-анықтама болмаған кезде ҚР азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуі тиіс.

Авиажолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және әуе кемесінен тіркеуден, отырғызудан және түсіруден өту кезінде бетперде режимін сақтау қажет.

Әуе кемесінің салонында ұшу кезінде жолаушылардың қозғалысы, сондай-ақ дәретхананың жанында жиналу шектеледі.

Қаулы 2020 жылғы 27 қазан сағат 00-де күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром11.83 ℃
Днем25.82 ℃
Вечером29.99 ℃
Ночью22.54 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.46 м/с
2026-08-18
Утром17.51 ℃
Днем31.08 ℃
Вечером33.08 ℃
Ночью21.2 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с