Әлем алдағы бірнеше айда пандемияның өте қиын кезеңін бастан өткереді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың таралуына байланысты әлемде қиын жағдай туындағанын хабарлады.

«Әлем, әсіресе Солтүстік жарты шар бұл пандемияның күрделі кезеңінде тұр. Алдағы бірнеше ай өте қиын болады және кейбір елдер қауіпті жолға түседі. Көптеген елде сырқаттанған адамдар саны күрт өсіп жатыр», – деп мәлімдеді ДДҰ басшысы брифинг барысында.

Ол мемлекет басшыларын өлім-жітім өсіп, денсаулық сақтаудың негізгі қызметінде дағдарыс болып, мектептер қайта жабылмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.

Ал ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан қарашаның соңына қарай бір немесе екі Covid-19 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өткізілетінін мәлімдеді. Айтуынша, сол кезде препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беруге болады.

23 қазанда Covid-19 індетінің әлемдегі күн сайынғы өсімі бойынша жаңа рекорд тіркелді – 445 419 адам ауырған. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 41 570 883 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып, оның 1 134 940-ы қайтыс болды.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 164 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

ШҚО – 25;

Нұр-Сұлтан – 22;

Алматы – 20.

Республика бойынша барлығы 110 250 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 566.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 811-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 36 732 адам ауырып, 393 науқас көз жұмған (23 қазанда тіркелген науқас саны – 165, көз жұмғандар – 2).

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 869 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 211 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 317 науқас жатыр. 552 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 124 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-06
Утром-8.96 ℃
Днем-5.19 ℃
Вечером-4.99 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра6.35 м/с
2025-02-07
Утром-10.59 ℃
Днем-7.78 ℃
Вечером-9.59 ℃
Ночью-10.68 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.6 м/с