Оралда жаңа автобустарда жол жүру карталары енгізіледі

Оралда автотасымалдау жүйесін жаңғырту және автобустарға төлем жасаудың карточкалық жүйесін енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ОА» мұрағатынан.

Қаланың жолаушылар көлігі 29 қалалық, 10 саяжай және 6 қала маңындағы маршруттарда жүреді, оларда күн сайын 445 бірлік техника жұмыс істейді.

«Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен 400 миллион теңге бөлінді. Айта кету керек, 2019 жылы бұл сома 221,9 миллион теңгені құрады, өсім 81%», – деді Орал әкімі Абат Шыныбеков.

Сондай-ақ, қала басшысы облыс орталығындағы автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтты.

«Өткен жылы біз қаланың автобус парктерін жаңарта бастадық. Жолаушылар тасымалдаушылары бірнеше ондаған жаңа, жайлы автобустар сатып алды. Болашақта біз автотасымалдау жүйесін толығымен жаңғыртуды және автобустарда карточкалық төлем жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазір кейбір компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Қазақстанның көптеген қалаларында бұл жаңалық өзінің тиімділігін көрсетті», – деді Абат Шыныбеков.

Айта кету керек, қалада Газельдерді сыйымдылығы жоғары ыңғайлы автобустарға ауыстыру жоспарлануда.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Оралда жолаушы тасымалдаушыларға субсидия ретінде 190 млн теңге бөлінген болатын. Қаражат автопарк жаңғыртылатын кәсіпорындарға бағытталады. Субсидиялар сатып алынатын автобустар сомасының 10% – ын құрайтын болады. Ақша үш жыл ішінде төленеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2020-12-01
Утром-12.81 ℃
Днем-10.29 ℃
Вечером-13.91 ℃
Ночью-15.94 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.49 м/с
2020-12-02
Утром-18.36 ℃
Днем-14.67 ℃
Вечером-17.46 ℃
Ночью-18.02 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.74 м/с