Коронавирустың жаңа жағдайлары бойынша мәліметтер
Республика бойынша індетке шалдыққандар саны 110 402 адамға жетті. Оның ішінде 105 618 науқас жазылып шықты.

Қазақстанда өткен тәулікте 152 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
«Коронавирус жұқтырудың ең көп жағдайы Шығыс Қазақстан облысында (27) тіркелді. Содай-ақ, Алматы қаласында – 20 және Нұр-Сұлтанда – 15 науқас анықталды», – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 14410 (+15)
Алматы қаласы – 14647 (+20)
Шымкент қаласы – 5225 (+3)
Ақмола облысы – 3620 (+12)
Ақтөбе облысы – 3281 (+1)
Алматы облысы – 5081 (+12)
Атырау облысы – 11254 (+5)
Шығыс Қазақстан облысы – 9142 (+27)
Жамбыл облысы – 4169 (+4)
Батыс Қазақстан облысы – 6961 (+8)
Қарағанды облысы – 10490 (+10)
Қостанай облысы – 3581 (+6)
Қызылорда облысы – 3252
Маңғыстау облысы – 3384 (+6)
Павлодар облысы – 4144 (+13)
Солтүстік Қазақстан облысы – 4355 (+9)
Түркістан облысы – 3406 (+1).
Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша ауырғандар саны 110 402 адамға жетті. Оның ішінде 105 618 науқас жазылып шығып, 1 796 адам қайтыс болды.