Қазақстандықтарды коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер күтуде

Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің төменділігін, азаматтардың карантиндік режимді сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың әлсіздігін атап өтті.

Сурет: 1tulatv. ru

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі А.Цой, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице — министрі Қ. Өскенбаев, сондай — ақ Павлодар облысының әкімі А. Скаков және Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.

Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің төмен тиімділігін, азаматтардың карантиндік режимді және бизнес субъектілерінің санитариялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету, байланыста болған адамдар мен науқастарды қадағалау жөніндегі жұмыстың нашарлығын атап өтті.

Премьер-министр индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ПТР-тест нәтижелері туралы анықтамасыз авиакомпанияларға жолаушылар отырғызуға тыйым салуды тапсырды. Рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету.

Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, бір апта мерзімде жеке қорғаныш құралдарының бағасын төмендету жөнінде шаралар қабылдау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, байланыста болған адамдарды, науқастарды қадағалау, субъектілердің цифрлық технологияларды пайдалана отырып, санитариялық талаптарды сақтауын мониторингтеу жөніндегі бағдарламаларды енгізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Өңірлердің әкімдеріне екі күн ішінде ұйымдасқан ұжымдардың басшылығымен карантин режимін сақтау жөнінде арнайы кеңестер өткізу, мектептер мен медициналық ұйымдарда санитарлық режимді сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жеке бақылауға алу тапсырылды. Үкімет басшысы өңірлер әкімдіктеріне апта соңына дейін «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуы тұрғысынан СОО қызметіне мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұл ретте бұзушыларға олардың жұмысын тоқтата тұруға дейінгі қатаң ден қою шаралары қолданылатын болады.

Отырыста жергілікті атқарушы органдар өз жұмысында ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларын басшылыққа алатыны атап өтілді. Бұл ретте, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлердің бас санитариялық дәрігерлері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдай алады.

ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:

I. мектепте оқыту бойынша екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын 300 оқушыға дейін дәстүрлі форматқа көшіру; ата — аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат беру. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, Маска режимін, шахмат алаңынша отырғызып және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

II. Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап: театрлардың 30%-ға дейін толтырылуына, бірақ залда 100 адамнан аспайтын, (әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны сақтау, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау); мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге жұма намазын қоспағанда, бірақ залда 100 адамнан аспайтын (намаз кезінде 2 м әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны сақтау күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау) рұқсат етілсін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-09
Утром-23.21 ℃
Днем-20.63 ℃
Вечером-19.01 ℃
Ночью-23.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.43 м/с
2026-03-10
Утром-28.24 ℃
Днем-16.08 ℃
Вечером-11.19 ℃
Ночью-8.15 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.45 м/с